Қазақ елінің Конституциясының 1-бабының 2-тармағы «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық…қазақстандық патриотизм…» — деп қағидаларын айшықтап алады. Осында көрсетілген ПАТРИОТИЗМ сөзін бәріміз де білеміз. Тіпті, 2014 жылғы 17 қаңтардағы «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ — 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты Президенттің Жолдауында «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» — дей келіп «Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын», — демеп пе еді?!. Осы жолдаудың соңында Президент «Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.…
Автор: admin
Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету, марқұмдардың мәйіттерін анықтау және Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына тапсырма берді. Президенті ұшақ апатының салдарынан Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына көңіл айтты. ұшақ апаты салдарынан Испания азаматтарының қаза болғандығы туралы…
Бүгін көрдім, Алматыдағы Достық Плаза ойын-сауық орталығының алдында қазақтың xандарымен батырларының, ақынның мүсіндерін қойып қойыпты Наурыз мерекесіне орай. Әдемі көрініс, мүсіндер де әдемі, тек барлық xандармен батырлар, ақындар болса тіпті жақсы болар еді. Бірақ, осыған да шүкір. Gadilbek Akimтің facebook парақшасынан алынды

