Автор: admin

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің кәсіпқой бокстағы 19-кездесуін өткізіп, 19 мәрте жеңіске жетті. 24 наурызда Колумбияда жергілікті боксшы Орландо Де Хесус Эстраданы төртінші раундта нокаутпен жеңіп, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Кездесуден кейін Ислам бапкерлеріне, демеушілеріне алғысын білдіріп, келесі 20-кездесуін АҚШ-та өткізгісі келетінін айтты. Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді. Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен. Тағы бір қазақстандық Жанқош…

Read More

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ      «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Кулибаев Түркістан қаласында «бірыңғай терезе» қағидатымен жұмыс жасайтын Кәсіпкерлерді қолдау орталығын ашты. Мұнда кәсіпкерлер үшін барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Атап айтсақ, кәсіпкерлерді қолдау орталығында Кәсіпкерлер палатасы, «Қазагромаркетинг» АҚ, «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ кеңесшілері мен мамандары қызмет жасайды. Алдағы уақытта шаруасын жүргізетін кәсіп иелеріне осы орталықта 20-дан астам қызметтер көрсетілмек. Яғни, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашудағы мақсат – бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлер үшін облыстық және аудандық, қалалық деңгейде толық жағдай жасау. Айта кетерлігі, орталық ішінде кәсіпкерлік мектебінің ашылу салтанаты өтті. Бұл мектепте кәсіпкерлік…

Read More

Наурыз мейрамын шетелдерде тұратын қазақтар да атап өтіп жатыр. Азаттық тілшісі олардың осы мерекені қалай тойлайтынын білген еді. Моңғолия қазақтарының көкпары. Баян-Өлгий аймағы. 2014 жыл. Суреттің авторы — моңғолиялық фотограф Баяр Балганцэрэн. (Көрнекі сурет) Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Стамбул қаласында тұратын этникалық қазақ Баһадүр Хакімнің айтуынша, Түркия қазақтары Наурыз мерекесін Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана кеңірек атап өте бастаған. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫ «Оған дейін Түркияда Наурызды негізінен күрдтерден басқа жұрт, оның ішінде қазақтар да үлкен мереке ретінде тойламайтын» дейді Баһадүр Хакім. Түркияда тұратын қазақ актері Баһадүр Хакім. Ол «Түркия қазақтарында көктеммен бірге келетін Наурызды ұлық мейрам ретінде атап өту дәстүрі 1990-жылдардың ортасынан бастап…

Read More