Автор: admin

                               (хикаят) Тағы бір таң атты. Кімдерді қуантады екен?.. * * * Күн де ұясынан шарасына сыймай балқып көтерілген. Шашырап жүрген шарбы бұлттар бауыры қан қызыл түске боянып көшті. Тау қуалап ескен жел де ішін тартып тынши қалды. Алыстан байғыз шақырды. Күн мен түнді алмастырып алған ба, атаңа нәлет! Есік көзінде қалғып-мүлгіп отырған күзетшілер орнынан сілкініп тұрысқан. Алшая қонған ақ орданың қаусырма есігі екі жаққа кеңінен ашылып, іштен ұлы қаһан шықты. Жібек шапанын желбегей жамылыпты. Аққұба жүзіне, келісті маңдайына күн сәулесі сырғанай түскен. Кіндік қаққан жез…

Read More

Мерзімінен бұрын президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, Құсайынов сайлаушылардан 132 мыңнан аса қол жинаған. 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қазақ. Әкесі — Құсайынов Қалиақпар (1905-1989), теміржолда жұмыс істеген. Анасы — Құсайынова Шарбан (1913-1982), үй шаруасымен айналысқан. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген. Орыс және қазақ тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1979-1992). 1971 жылдан — РКФСР Кемеров облысы…

Read More

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа елшісі Джордж Крол бүгін Ақордада қазақ тілінде бірнеше рет сөз сөйледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Крол алдымен Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырып тұрып қазақша сөйледі. Ол мәтінді қағаздан оқығанымен, бұл Қазақстан Президентін енжар қалдырмады, ол бұған ізгі ниетпен жымиды. Айта кетейік, бүгін сенім грамоталарын тапсырған өзге елшілердің барлығы өздерін Назарбаевқа аудармашы арқылы таныстырды, олардың арасында Кувейттің, Пәкістан мен Сауд Арабиясының дипломатиялық миссия басшылары болды. Ал Болгарияның елшісі орыс тілінде сөйледі. Содан кейін елшілердің әрқайсысы журналистерге шықты. Америкалық дипломат ол жерде де қазақ тілін білетінін көрсетті. Баспасөзге арналған мәлімдемесін де ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде берді. Одан кейін сөз…

Read More