Автор: admin

Қытайда «Жібек жолының Батысқа қарай апаратын бірінші мемлекеті: Қазақстан туралы жазбалар» кітабы жарияланды. Бұл кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында үлкен сый болмақ.  Оның авторы — Қытай ұлттарының орталық университеті жанындағы этнологиялық зерттеулер институтының профессоры, ҚХР шекара маңы саясаты мәселелері бойынша маманы, философия докторы У Чукэ. Кітап 2013 жылдың қыркүйегі мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында Астанада жұмыс істеген кезінде қытайлық ғалымның жазған мақалаларынан тұрады. Мұнда қытайлық азаматтың Қазақстаннан алған әсерлері туралы жазылған. Сондай-ақ Қазақстанның көне тарихы мен қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастар туралы жазбалар көрініс тапқан. «Биыл Қазақстанда өте маңызды шара аталып өтіледі. Ол — Қазақ хандығының 550 жылдығы. Шын мәнінде ел тарихы…

Read More

2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды. Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады. Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков емтихан нәтижелерін жариялау кезінде: «Конституция – тұрақты даму кепілі» деп аталатын жазбаша тапсырманың тақырыбы ашылды. Бұл ретте кандидат 4 қате жіберді: 1 – орфографиялық, 1- стильдік және 2 — пунктуациялық. Екінші тапсырмада үміткер Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романынан…

Read More

Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтты-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. – Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа ұшыраған балаларға көмек көрсету тәрізді маңызды әлеуметтік бағыттағы жұмыспен айналысатынын, бұл істе оған бүкіл…

Read More