Автор: admin

Қазақтың материалдық мәдениетінде киіз үйден кейін, ерекше көңіл бөлетіні аттың «ер-тұрман» аталатын әбзел-саймандары. Сондықтан көшпелілер «ер-тұрманды» жасауға бар өнерін салған. Бұл тұрманды «ер-тоқым» деп атаған. Ерді ағаштан, тоқымды киізден жасайды. Қазақ ері – «құранды» және «қалмақы» ер болып екі түрге бөлінеді. Құранды ер – ұсақ бөлшектерден құрастырылады да, тыныштық жағдайда, сәнге жасалады. Қыздардың өлеңінде: Дәйім менің мінгенім құранды ерім, Құранды ерге жарасар бұраң белім, — деуі сондықтан. Ал, қалмақы ердің алды-арты тұтас, жалпақ болады да, отыруға орнықты, қозғалысқа шыдамды келеді. Мұндай ер алыс жолға жорыққа және жаугершілік жағдайларға арналады. Ер-тоқымды ат арқасына бекітетін тұрмандар: салт атты жолаушы өрге шыққанда, өрден төмен түскенде, желгенде, шапқанда,…

Read More

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ақсақалдар алқасы мүшелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, Тәуелсіздік жылдары шетелдерден атажұртқа оралған ағайындарға үндеу жариялады.   «Бүгінгі таңда алыс және жақын шетелдерде 5 миллионға жуық қазақ диаспорасының өкілдері тұрады. Бұл ағайындарымыз қай жерде, қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Соған орай, олар Қазақстан Республикасының атақ-абыройының асқақтап, өсіп-өркендей беруіне бір кісідей тілектес. Қазақ елінің бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген іс-шараларға да айрықша көңіл бөліп, бұл жөніндегі жаңалықтарға ерекше назар аударады. Міне, осы тұрғыдан келгенде, шетелдегі ағайындар үшін Қазақстандағы биылғы кезектен тыс Президент сайлауы – аса маңызды уақиғалардың бірі. Яғни, алдағы уақытта Қазақ елінің…

Read More

Сәния ТОЙКЕН Маңғыстау халқы жылдағы дәстүрмен биыл да наурыздың 14-і күні облыс орталығы Ақтау қаласынан жүз шақырымдай жерде орналасқан «Отпантау» мәдени-ұлттық кешеніне жиналып,  Амал мейрамын тойлады. Отпантау басында өткен мәдени көпшілік шараларды тамашалауға бірнеше мың адам қатысты. Мерекеге Маңғыстаумен бірге Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Астанадан адамдар келді. Отпантау басындағы Амалды тойлаудан соң да Көрісу мерекесі наурыз айы бойы жалғаса береді. Тұрғындар бір-бірінің үйін аралап, құшақтасып көрісіп, амандық-саулық тілеп, келген жаңа жылмен құттықтайды. 1Отпантауда Амал мейрамына тігілген киіз үйлер. Маңғыстау облысы, 14 наурыз 2015 жыл. 2Амал мерекесі қарсаңында, ежелгі дәстүр бойынша Отпантауда «Бірлік оты» жағылды. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, жаугершілік заманда Маңғыстау түбегін мекендеген…

Read More