Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Кітапхана»Қытайлық профессор Қазақстан тарихы туралы кітап шығарды
Кітапхана

Қытайлық профессор Қазақстан тарихы туралы кітап шығарды

17/03/20150

Қытайда «Жібек жолының Батысқа қарай апаратын бірінші мемлекеті: Қазақстан туралы жазбалар» кітабы жарияланды. Бұл кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында үлкен сый болмақ.

 Оның авторы — Қытай ұлттарының орталық университеті жанындағы этнологиялық зерттеулер институтының профессоры, ҚХР шекара маңы саясаты мәселелері бойынша маманы, философия докторы У Чукэ.

Кітап 2013 жылдың қыркүйегі мен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында Астанада жұмыс істеген кезінде қытайлық ғалымның жазған мақалаларынан тұрады. Мұнда қытайлық азаматтың Қазақстаннан алған әсерлері туралы жазылған. Сондай-ақ Қазақстанның көне тарихы мен қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастар туралы жазбалар көрініс тапқан.
«Биыл Қазақстанда өте маңызды шара аталып өтіледі. Ол — Қазақ хандығының 550 жылдығы. Шын мәнінде ел тарихы тереңде жатыр. Елдің тарихында оны шетелдіктер емес, мемлекеттің халқы қалай қабылдайтыны маңызды екенін атап өткім келеді. Менің ойымша, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, өздерінің тарихын терең түсінуге көмектеседі», — деді профессор қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Автор бұл кітаптағы мақалаларын 2013-2014 жылдары Астанада жұмыс істеп жүргенде жазған. Қазақстанда жүргенде өзіне қызықты болған барлық дүниені осы кітапқа енгізген. Қазақстандықтардың күнделікті тұрмысынан бастап (Болмысы, дүкен аралау, кинотеатрлар мен мәдени ошақтарға баруы) мерекелеріне дейін (Наурыз, Құрбан айт) қамтыған. Алматы, Бурабайды аралап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын, қаншалықты ілгерілеп келе жатқандығын, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың достығы қашан басталғанын тарихынан бастап жазып шыққан екен.

Профессор У Чукэ қытай тарихшыларының Қазақстанға деген құрметі ерекше екенін, қазақ халқының тарихымен етене таныс екендігін де айтқан.
Жазда Мемлекет тарихы институты Назарбаев орталығымен бірлесіп Қазақ хандығына байланысты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Оған өзге елдердің де ғалымдары кеп қатысады. Қазір сол шетелдік ғалымдардың тізімін жасап жатырмыз. Барлығын бірдей шақырмаймыз. Қазақ хандығына байланысты конференция болғандықтан, осы саланы зерттеп жүрген тарихшылар ғана қатысады. Қазақ тарихын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар аз емес. Соның бірі – Қытай ұлттарының орталық университеті жанындағы этнологиялық зерттеулер институтының профессоры, ҚХР шекара маңы саясаты мәселелері бойынша маманы, философия докторы У Чукэ.

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleХасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахмет Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат
Next Article СЕМЕЙ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРКӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТАРЫ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДА

Оқи отырыңыз...

Ғабит МҮСРЕПОВ. Ұрпағыма айтар сөз

15/04/201510

БАЛУАН ЖӘКӨ

25/03/20150

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

18/03/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.