2015 жылғы 10-19 наурыз аралығында Семей гарнизонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерінің батальон (дивизион) командирлері менолардың орынбасарларының қатысуымен командирлік даярлық жиыны өтуде. Жиын 28738, 36803, 54770, 30217 әскери бөлімдерінде, сондай-ақ оқу-жаттығу орталығында өтуде. Жиынның басты мақсаты – батальон (дивизион) командирлері мен олардың орынбасарларын тактикалық даярлыққа, барлауға, ракета әскерлері мен артиллерияны жауынгерлік қолдануға, тылдық, техникалық, инженерлік қамтамасыз етуге және радиоэлектронды күреске үйрету. Сонымен қатар, әскери қызметшілер озық тәжірибелерді зерделеп, оны офицерлерді оқыту және тәрбиелеу ісінде қолдануды, сондай-ақ батальон (дивизион) командирлері мен орынбасарларының кәсіби даярлығы мен практикалық дағдыларын арттыруды машықтанады. Осы тұрғыдақұрылымдық бөлімшелердің мамандандырылған бағыттары бойынша 5 оқу-жаттығу тобы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Жиында әскери қызметшілер тактикалық даярлықты, ұрыста әскерлерді техникалық қамтамасыз етуді, ракета әскерлері мен артиллерияны жауынгерлік қолдануды, радиациялық химиялық және биологиялық қорғанысты, әскери топографияны және т.б. меңгереді. Жиын қорытындысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында кәсіби даярлық деңгейлерінарттырып, әр батальон (дивизион) командирлері жеке бағаланады.


