Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы матчты тамашалады. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ван ’т Шкип отандық футболмен танысу барысы, көрген ойындары мен ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеу критерийлері туралы айтып берді. – Қазақстан футболымен танысуыңыз қалай өтіп жатыр? – Ең алдымен, матчтарды көру арқылы. Мен жаттықтырушылар штабының мүшелерімен және федерация қызметкерлерімен көп сөйлесемін, жекелеген футболшылардың ойындарын көрсететін бейнематериалдарды зерттеймін және, әрине, матчтарға барып жүрмін. – Ойыншыларды қандай критерийлер бойынша бағалайсыз? – Менің ойымша, футболшы ұлттық құрама сапында ойнауға қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Құрама сапында көп матч…
Автор: admin
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлар алдындағы әкімшілік кедергілерді жою мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында Өңірлік инвестициялық штаб мақұлдаған инвестициялық жобалар және оларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жер учаскелерін рәсімдеу, сәулет және қала құрылысы рәсімдерінен өту, сондай-ақ инженерлік желілерге қосылуға басымдық берілді. Дархан Сатыбалды мемлекеттік органдарға туындаған мәселелерді жедел шешуді, әрбір жоба бойынша жауапты тұлғалар мен нақты мерзімді айқындауды, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды қолдауға арналған цифрлық платформаның жұмысы талқыланды. Оны одан әрі енгізу, оның ішінде қаладағы әлеуметтік және стратегиялық нысандарды қолдау бағытында жалғасын табады. Бұл жұмыс әкімшілік кедергілерді жедел жоюға, сондай-ақ…
…Жай қазақ емес, Абай аңсаған жақсы қазақ болып. Отаршы “ақ патшаның” шенді шекпені үшін (кейде тіпті үлкен күміс табақ пен артық қадақ күріш үшін) төрелері ұсақталып, батырлары бір-бірін шауып, соңғы хандарын ұстап беріп, “зар-заман” жыраулары ескі ізді шиырлап, аз-маз зиялысы я шоқынып, я білім іздеп шетке кетіп, Батыстағы ағартушылық пен индустриализациядан мақұрым қоғамы көшпеліден аграрлық құрылымға өтіп үлгермей жатқан аласапыран бір заманда қазақ арасында Абай туады. Өз заманындағы ғылым мен технологияның, поэзия мен музыканың барлық озық өлшемдерін қой құрттап, жылқы жусатқан ауылдың ішінде отырып, ақылға сыймайтын қандай да бір тылсым жолмен бойына сіңіреді. Өз ортасынан кем дегенде жарты ғасыр озық…

