Автор: admin

Мемлекеттік туымыз әр азаматттың қадір тұтар қымбат құндылықтарының бірі. Туға деген көзқарас – патриоттық және азаматтық деңгейіміздің, ішкі рухани қуат-күшіміздің өлшемі. Құдайға шүкір, елге, отанға деген кіршіксіз махаббаты, тұнық сезімі бар, мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын терең түсінетін жас ұрпақ қаулап өсіп келеді. Солардың бірі – Ризагүл Мейрамқызы. Ризагүл Малаизияның астанасы Куала-Лумпурдегі INTI халықаралық британ-малай бірлескен университетінде халықаралық бизнес мамандығын оқитын бірінші курс студенті. Университеттің бір ерекшелігі өздерінде қай елдің студенті бар болса, сол елдің туын іліп қоятын. Солардың қатарында біздің көкбайрағымыз да тұр. Себебі, оқу орнында Қазақстаннан 17 студент білім алады. Айтайын деп отырғанымыз осыдан бірер ай бұрын болған оқиға. Игіліктің…

Read More

Анкараның «Хажеттепе» университетінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан және Қазақ хандығының 550-жылдығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған «Хажетепе» университетінің ректоры Мурат Тунжер, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Қ.А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Осман Хората, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдыралы, Түркітілдес мемлекеттері Ақсақалдары кеңесінің мүшесі және ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Әділ Ахметов, Анкара дипломатиялық корпусының өкілдері, Түркияның әйгілі академиялық және қоғамдық-саяси қайраткерлері қатысты-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі. Ж. Түймебаев Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Хажетепе» университетінің басшылығына алғысын білдірді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Қазақ хандығының 550…

Read More

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам әлемінің ғұламасы, мүфти, ұстаз, шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіптің қазасына орай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Әлімов мырзаға, марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қаралы хабар біздің де жанымызға батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Сізге, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болсын! Алла Тағала алдынан жарылқап, рақымына бөлегей! Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіп өмірін ілім іздеумен, шәкірт тәрбиелеумен, кітап жазумен өткізді. Оның тәрбиелеген шәкірттері мен артына қалдырған діни еңбектері асыл дініміз Исламның өркендеуіне үлес қоса бермек», – делінген жедел хатта. www.muftyat.kz

Read More