Қазақстан Президенті еліміздің нәзік жанды әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтап, халқымыз әйел затын әрдайым айрықша құрметтегенін атап өтті-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. – Зауалы көп заманда қазақ қыздары қиындыққа төзіп, үнемі қайсарлық танытты. Аяулы арулар тәуелсіздік алған жылдары да ауыртпалықты қайыспай көтерді. Жас мемлекетіміздің керегесін кеңейтіп, іргесін нығайтуға айрықша үлес қостыңыздар. Сіздердің еселі еңбектеріңіз еңселі еліміздің дамуына ерекше серпін берді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер әрбір отбасының бақ-берекесі және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің негізі екендігіне тоқталды. – Бүгінгі заманда әйелдің қоғамда атқаратын рөлдері арасындағы айырма қарқынды ұлғайып келеді. Бір полюстің басында – әйелдері отбасы төңірегінде шектелген…
Автор: admin
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н. Ә.Әбіқаевқа Нұртай Әбіқайұлы! Бүгін, яғни 07-март 2015-жылы «Антигептил» азаматтық қозғалысының белсендісі, қоғам белсендісі Сәкен Байкеновты өздерін Алматы қаласы ҰҚК департаментінің қызметкерлеріміз деп таныстырған 4 адам, 2 куәгер, жалпы 6 адам келіп, белгісіз жаққа ұстап әкеткен. Сәкен Байкеновтың Алматы қаласы, Шаляпина көшесі мен Береговой көшесінің қиылысындағы пәтеріне тінту жұмыстары жүргізіліп, оның жеке заттарын, ұялы телефонын, компютерін тәркілеген. Өзін Н. Козыбаковпын деп таныстырған ҰҚК қызметкері Сәкен Байкеновты бүгін, яғни 7-наурыз күні Астана қаласына ұшақпен жөнелтілетінін айтыпты. Осы жағдайларға байланысты «Антигептил» азаматтық қозғалысының мүшелері Сәкен Байкеновтың жағдайына қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. ҚР заңнамаларына сәйкен Сәкен Байкеновтың…
Ақорданың баспасөз қызметі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ҚР Президенті кеңесшісінің қызметінен босатылғанын хабарлады. Дегенмен, оның қызметтен кетуінің себебі айтылмады, ресми түсініктеме берілген жоқ. Ақорда үнсіз қалғанмен, Мұхтар Абрарұлының қызметтен кету себебін халық өзінше болжап отыр. Сол болжамдардың бірі мүмкін Мұхтар Құл-Мұхаммед өз кандидатурасын Президенттікке ұсынар? Саясатта беделі бар азаматтың (рейтинг бойынша шілде айындағы беделді саясаткерлер арасында 4-нші орын) сайлау алдында қызметтен кетуіне шынымен не түрткі болуы мүмкін? Президент кеңесшісі қызметін бір жылға жуық атқарды. Бұл қызметке 2014 жылдың 12 наурызында тағайындалған. Оған дейін мәдениет және ақпарат министрі болды. Мұхтар Абрараұлының саясаттағы имиджі таза, жемқорлыққа қатысты атышулы оқиғаларда аты аталған жоқ. Мұхтар Абрарұлының…

