«Өнер — туада қанымен, ана сүтімен келеді» дегенге өз басым сенемін. Шындығына келсек, Алланың тағдырға жазғанынан ешкімде аса алмайды. Бір қызығы, біз оны олай ойлай бермейміз. «Ол — таланыт, ол — қасиет, ол – ерекшелік» деп санаймыз. Ал ары қарай үңілсек, оның тағдырға берілген Алланың сыйы екенін әбден білуге болады. Мен бұл жерде өз көзқарысымды ғана айтып отырмын. Талантты адамды әр қырынан тану кез келген адамның өз еркінде. Менің түйсігім осылай сезеді.
.jpg)
1981 жылы Қытайдың ШҰАР -ның Іле обылысы, Құлжа ауданы, Әулие қыстағында дүниеге келген Айдын Молдахыметұлы да қанында бар, жанында бар талантымен көрініп жүрген азамат. Оның қолынан шыққан сан алуан өнерді көргенде еріксіз кідіресіз. Біз біле бермейтін қазақтың осындай жігіттерін көріп, өзіңнің қазақ екеніңе қуанбасқа болмас.
.jpg)
Айдын аспаздық мамандығын 2001 жылы бітірген. Өзі оқыған оқу орнын жақсы нәтижемен бітірген ол, белді бір орынның аспазы болып істейді. Өз кәсібіне шөгел Айдынның қолынан шыққан әрбір тағамның дәмі бөлек. Ол өзінің мамандығын жан-тәнімен жақсы көретіні сонша, әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар еншілеп, ел көзіне түсе бастағалы да біраз жылдың жүзі болды. 2010 жылы Қытайда республика көлемінде өткен «20- реткі Жоңго аспаздар мерекесі» мен «Мұсылман тағамдары мәдениет фестиваліне» қатысып күміс жүлдені иемденген ол Шынжаң қазақтарына үлкен абырой сыйлады. Бұл жарыстың мақсатының өзі — осы елдегі аспаздарды және ұлтық тағамдағы ерекшеліктерді әлемге танту екенін айқын аңғаруға болатын еді. Қытай бойынша 300-ге тарта әр ұлттың өкілдері қатысқан бұл сайысқа Айдынның алып шыққан тағам түрі қазақтың нарыны мен қаттама самсасы болатын. Ол өз қолынан шаққан туындысымен келген жұртты таңқалдырды. Себебі, басқа ұлттардан қатысқандардың көбі бұрыннан тәжірибесі мол, талай жарыстарда үлкен жүлделерге ие болып жүрген аспаздар екен. Айдын мұндай жарысқа бірінші рет тәуекел етіп, қазақ ұлтының ерекшелңгін көрсету негізінде қатысқанын аңғартты.
.jpg)
.jpg)
Айдын тек бір ғана мамандықтың соңында жүрген жоқ. Ол бойындағы артықшылықтарын халықтың қажетіне көрсетумен келеді. Соның бірі – хаткерлік өнері. Ол бұл жағынанда көзге түсіп, түрлі жарыстарға қатысып жүр. «Қытай қазақ хаткерлік» көрмесіне қатысып жүлделі орыннан көрінген ол алдағы уақытта да өзінің бұл саладағы өресін шыңдай түсуге құлшынатынын, ұлттың ерекшелігін көрсететінін айтты.
.jpg)
.jpg)
«Жігітке жеті өнер де аздық етеді» дегендей, Айдынның жазған тартымды мақалалары, аудармалары, хаткерлік жайлы көзқарастары «Шынжиаң газеті», «Іле газеті», «Іле жастары» сияқты белгілі басылымдарда жиі жарық көрген. Он саусағынан өнер тамған, өнерін халқына сыйлап жүрген Айдынның жасаған түрлі қолөнер бұйымдары көргеннің көзін сүріндіреді. Түрлі маржандардан жасаған бұйымдары мен жеміс-жидек, көкөністерден жасалған оюлы тағамдарды көргенде жеуге қимайсыз. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін шеберлік деп айтуға әбден болады. Ол жасаған кез келген туындының сұранысқа ие екеніне өзім де куә болдым. Біз білмейтін тағы да өнері бар сияқты. Өйткені бір сөзінде «адам шындап құлшынса бәріне де қол жеткізеді, мен әлі талай қол жеткізетін жұмыстарды көздеп жүрмін» деген еді. Сол сөзіне қарағанда, бұл жігіттің бойында жеті өнер емес, жетерлік өнер бар сияқты.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Мен Айдынның қолға алған ісін нәтижемен аяқтамай тынбайтын сөзінен-ақ байқадым. Ол өзін ешқандай бос қалуға дағдыландырмапты. «Бос отырудың өзі — ауру деп ойлаймын» дейді. Әсіресе жастардың бос болуы – жалқаулықтың белгісі деп қарайтынын жасырған жоқ. Расында кейбір жастарымыз әке-шешеге қол артады. Өнері болмаса да, өзін дұрыс алып жүрудің өзі, әке-шеше үшін үлкен көмек екенін жасыруға болмас мына қоғамда. Ал Айдын сияқты шебер қазақ жігіттерінің жолы ашық, ойлаған мақсаты орындалсын! — дейміз, шын нитпен.
Автор: Ләззат ИГІСІН
baq.kz


