Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«Мағжан» қайта оралды
Жаңалықтар

«Мағжан» қайта оралды

26/09/20130

Қазақ басылымдарының қатары «Мағжан» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналымен толықты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің тікелей қолдауымен жарық көрген журналдың тұсаукесері елордадағы Ұлттық кітапханада өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам, өнер  қайраткерлері, астаналық зиялы қауым  өкілдері мен студент-жастар қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан белгілі өнер жанашыры, ақын, сазгер Баянғали Әлімжанов биыл ұлы ақынның туғанына 120 жыл толуына байланысты  республика, облыс деңгейінде көптеген іс-шараларды4 болып өткенін айтты. Олардың қатарында «Мағжан көктемі» ІІ республикалық өнер фестивалін, ол туралы түсірілген көркем-деректі фильмді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды атады. Сосын сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановқа берді. Өзі де руханият десе ішкен асын жерге қоятын сенатор: «Тәуелсіздік алғаннан кейін біз тарихымыздағы ақтаңдақтарды ақтарып, бұрын белгісіз болып келген тұлғаларымызды,  хандарымызды, көсемдеріміз бен шешендерімізді, небір дүлділ ақын-жазушыларымызды тауып, танып жатырмыз. Солардың бірі де бірегейі Мағжан Жұмабаев. Біздің ұрпақ қазақтың ұлы ақыны,  ұлт тағдырының жыршысы Мағжан Жұмабаевты, әрине, білген жоқ. Демек, «Мағжан» журналының жарыққа шығуы бұл еліміздің әдеби-мәдени өміріндегі айтулы оқиға, бүгінгі ұрпаққа жасалып отырған үлкен қамқорлық» дей келіп,  кешегі әріптесі, бүгінгі әкім Самат Ескендіровке ризашылығын білдірді. «Мағжан бір аймақтың ғана ұлы емес, бүкіл ұлттың, керек десеңіз, күллі Түркі әлемінің перзенті, сондықтан жаңа  журнал республика жұртшылығының игілігіне айналуға тиіс», — деп түйіндеді ол өз сөзін.

Қоғам қайраткері, белгілі ақын Кәкімбек Салықов қолға алған игілікті шара ұзағынан сүйіндірсін дей келіп, журналдың көлемін әлі де қалыңдата түсу,  еліміздің барлық аймақтарына таралуына күш салу қажеттігін баса айтты. Мәжіліс депутаты, жазушы-қаламгер Алдан Смайыл, Назарбаев Университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Күлтас Құрманбай жаңа басылымның Мағжан мұрасын зерттеп, зерделеумен бірге жас таланттардың шығармаларын жариялай отырып, қанаттарының қатаюына көмектесетініне сенім білдірді.  Заңгер Бекет Тұрғараевтың сөзі де әсерлі шықты. Ол Самат Ескендіровтің руханиятқа жақын адам екенін, бұрын да осындай тың жобаларға ұйытқы болып жүргенін, облыс тізгінін қолына ала салысымен «Мағжан көктемі» фестивалін өткізіп, жерлестерін қуанышқа бөлеген өңір басшысының енді, міне, түрлі себептермен соңғы үш-төрт жылдың көлемінде оқырмандарынан көз жазып қалған «Мағжан» әдеби- көркем, қоғамдық-саяси журналының ғұмырын ұзартып, тағы бір игі іске ұйытқы болып отырғанын,   журналдың осы жолғы саны  тақырыптардың сан-алуандығымен тартымды да мазмұнды шыққанын, белсенді авторлар қатарына елімізге белгілі қаламгерлер мен тұлғалардың тартылуы құптарлық екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, бас қосуда сөз алған филология ғылымдарының докторы, ғалым Серік Негимов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы  Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай басқа да азаматтар  қалың оқырманымен қайта қауышып отырған «Мағжан» журналына ізгі тілектерін білдіріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі журналист-жазушы, мағжантанушы Жарасбай Сүлейменов рухани, мәдени салаға үлкен көңіл бөліп, жанашырлық қолдау көрсеткені үшін Самат Сапарбекұлына ризашылығын айта келіп, басылым алдағы уақытта Мағжанның шығармашылығымен, өңірлік ауқыммен ғана шектеліп қалмайтынын, ел өнеріне, мәдениетіне қатысты мәселелер де кеңінен қамтылатынын, әсіресе, жастар шығармашылығына үлкен орын берілетінін, журналды ел аумағына тарату мақсаты тұрғанын айтты.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБАТЫЛ ҚАДАМ БАСАТЫН ҮКІМЕТ
Next Article Ел тарихын зерттеу жұмысына ерекше мән берілуде

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.