Елбасының бастамасымен ұлттық тарихты түбегейлі зерттеу жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, тарих саласының ғалымдарымен бірлесе зерттеу жұмыстарын қолға алды. Ол жұмыстарды 10 қадам бойынша жүргізу нақтыланды. Соның 3-қадамы – ғылыми-зерттеу құрылымдарын ашу. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің жанынан биыл «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделейтін» және «Дүниежүзі тарихын зерттеу» орталықтары ашылды. Бұл екеуі –республикалық деңгейдегі орталықтар. Сонымен қатароқу орнында халықаралық геоархеология зертханасы да жұмысын бастап кетті. «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделейтін» республикалық орталық қазірдің өзінде 17 ірі ғылыми жобаны дайындап жатыр.
Талас ОМАРБЕКОВ, «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеу» орталығының директоры:
— Орталықтың мақсаты – қазақ халқының тарихын зерттеу. Яғни қазақ халқының шығу тарихы, этногенезі, қалыптасу тарихын зерттеу қажет. Осы уақытқа дейін Қазақстан қоғамында түрлі жағдайға байланысты саяси тарихқа ғана назар аударылып келді.
Дүниежүзі тарихын зерттеу орталығының да көтерер жүгі жеңіл емес. Орталық басшысы ұлттық тарихты біз дүниежүзі тарихымен байланыстыра зерттеп, басқа елдердің Қазақстанмен ұштасатын мәселелерін де назарда ұстау керектігін айтты. Қалқаман Тұрсынұлы жуырда Алман елінде болып, ғұндарға байланысты көптеген деректер жинап қайтқан.
Қалқаман ЖҰМАҒҰЛОВ, «Дүниежүзі тарихын зерттеу» орталығының директоры:
— IV, V, VI ғасырлардағы жылнамалар, мәселен, Паспертиро, Арози, тағы басқалар латын тілінде, соның ішінде ғұндар жөнінде мәліметтер бар. Сонымен қатар Рим Папаларынының жазбаларын, хаттарын алдым. Соның ішінде ғұн державасы мен Рим империясы арасындағы қарым-қатынастар көрініс тапқан.
Алгеоархеология зертханасы еліміздің әр өңірінен жинақталған тастардың сырын ашпақ. Археолог мамандартастардың жасына қарай ақпаратты шамалап айтып қана қоймай, сол заманда жанған ошақтың күлін де зерттеп, тіпті нақты оның қай кезде жанғанын білетін болады.
Жәкен ТАЙМАҒАМБЕТОВ, «Геоархеология» халықаралық зертхананың директоры:
— Түрлі анализдер бар. Біздің геоархеология зертханасы соны дәлелдейді. Жалғыз күлдің қалдығы емес, қандай өсімдіктер болғандығын да қарастырамыз. Ол – политбиология деген бөлім. Одан кейін тағы біринновациялықәдіс «ЭТПР» деп аталады. Ол электрондық парамагнитті резонанс дегенді білдіреді. Қазақстанда ондаймен ешкім айналыспайды.
Жуық арада қондырғылар қойылып, зертхана толық жабдықталған соң барлық құнды материалдарды шетелге апармай, өзімізде зерттеу мүмкіндігі туады. Айта кетерлігі, бұл ғылыми жобалардың барлығына да шетел ғалымдары атсалысуда.
Авторлар: Алуа Маханбет, Марат Қырықбаев, Ерлан Әбжанов
24.kz


