Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Сенаторлар орыс тілді мектептерде бірқатар пәнді қазақ тілінде оқытуды ұсынды
Қоғам

Сенаторлар орыс тілді мектептерде бірқатар пәнді қазақ тілінде оқытуды ұсынды

28/09/20131

quanysh_aytakhanovБүгін ҚР Парламенті Сенатының отырыс барысында Қуаныш Айтаханов ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің атына жолдаған депутаттық сауалында орыс тілді мектептерде Қазақстан тарихы, география, өлкетану пәндерін қазақ тілінде оқытуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

“Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақ тілін білуі тиіс деген міндет қойды. Мемлекеттік тілді оқып, үйрену балабақшалар мен мектептерден басталады. Бұл бағытта республикада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушыларының 63%-дан астамы қазақ тілінде оқиды, 30 мыңнан астам өзге ұлт өкілері қазақ сыныптарында оқиды. Билығы оқу жылынан бастап барлық мектептерде қазақ тілінде жүргізілетін Өлкетану, Алаштану, Абайтану курстары енгізілді”, – деген сенатор тіл мәселесін шешудің негізгі тетігі іске қосылмай келеді деп есептейді.

Депутат мемлекеттік тілге деген ынта, қажеттілікті іске асыру керек екендігін атап өтті.

“Бүгінде Үкіметтен бастап, билік тізгінен ұстап отырған басшылар, мемлекеттік қызметшілер міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі керек деген қағида басшылыққа алынбайды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаныменен, мемлекеттік органдардың есігін сығалап, кіре алмай, кірсе де төрге шыға алмай жүр. Мемлекеттік тіл мемлекеттік дәрежеде талап етілмегендіктен көп азаматтар қазақ тілінің болашағына сеніңкіремейді. Сондықтан, оны үйренуге ынталанбайды, балалар орыс тілді мектептерінде оқытады. Бүгінде қазақ балаларының 37%-ы орыс мектептерінде оқуы – соның айғағы”, – деп тоқталды Айтаханов.

Халық қалаулысы қалалардағы қазақ тілінде оқытатын мектептер саны аз, яғни 15%-ды құрайтынын айта келе, кейбір өңірлерде балалардың өзге тілдерде білім алуға мәжбүр болып отырғандығын қадап айтты.

“Еліміздің кейбір өңірлерінде қазақ тілінде оқиытатын мектептердің жоқтығынан 161 бала өзбек тілінде, 101 үйғыр тілінде оқуға мәжбүр. Өз елінде тұрып өзінің ана тілінде оқуға мүмкіншіліктің болмауын қалай түсінуге болады? Қазақ балаларының қазақша оқуын қамтамасыз ету мәселесімен Үкіметтен бастап жергілікті атқарушы органдар тиянақты айналысып, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазақ мектептерінің мәртебесі мен әлеуетін көтеру, материалдық-техникалық базасын нығайту, мұғалімдер біліктілігін арттыру бағыттарында қосымша шаралар атқаруы тиіс. Еліміздегі 10 мыңға жуық балалар үйінде тәрбиеленетіндердің көпшілігі орыс тілді азаматтар болғандықтан және оқу процесі көп балалар үйінде орыс тілінде жүргізілгендіктен, балалалардың көпшілігі мемлекеттік тілді білмеді”, – деп толықтырды сенатор.

Депутат балалар үйлердіндегі оқу үдерісін қазақ тілінде жүргізіп, онда мемлекеттік тілді білетін тәрбиешілер жұмыс істеулері қажет деп есептейтінін жеткізді.

“Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздар жетіспейді, олардың сапасы төмен. Бұл аздай Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8-қарашасындағы №500 бұйрығымен бекітілген жаңа оқу жопарында қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілінің апталық оқу жүктемелері азайтылып, қазақ тілі пәнінің сағаты бастауыш сыныптарда 133 сағатқа немесе 28%-ға, жоғары сыныптарда 340 сағатқа немесе 40%-ға қысқартылған. Бұл тіптен түсініксіз. Өзге тілді мектептерде мемлекеттік тіл толық меңгеріп шығудың ең пәрменді тетігі, бірден-бір жолы қазақ тілінен тест тапсыру қорытындысын жоғарғы оқу орындарына түсу кезінде міндетті түрде есепке алу керектігі айдай анық болса да, бұл мәселе көптен бері шешімін таппай келеді”, – дейді ол.

Сенатор мемлекетік тілді меңгеру мақсатында орыс тілді мектептерде Қазақстан тарихы, география, өлкетану пәндерін қазақ тілінде оқытуды енгізу қажет деген ұсынысын ортаға салды.

“Бұл тәжірибе қазір Назарбаев зияткерлік мектептерінде, қазақ-түрік лиецйлерінде бар. Бұл курстар қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, өзге ұлт балаларының халқымыздың мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттырып, әлеуметтік-эконоикалық фактілер мен құбылыстарды қазақ тілінде танып білуге, талдап-қорытуға қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді”, – деп түсіндіріп өтті ол.

Қуаныш Айтаханов бұл ұсыныстың қазақ тілін оқып-үйренуге, меңгеруге жағдай жасап, Елбасының мемлекеттік тіл туралы қойған міндеттерін атқаруға үлкен үлес қосады, деп ойлайтыны айта келе, Үкімет басшысынан бұл мәселелер бойынша тиісті шешімнің қабылдап, тапсырма беруін өтінді.
                                                                                                                                         Bnews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖоғалтқанымыз Шығыстан табылды
Next Article Абылайдың асында шаппағанда…

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.