«Елу жылда ел жаңа». Ал ширек ғасырда ше? Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта қазақтың болмысы қаншалықты өзгерді? Кеңестік империя қалдырған аға ұлтқа бас ұру салтынан арылып, өзінің дара болмысын көрсете алатын, өзгелермен терезесі тең түрде сөйлесуге қабілетті ұрпақты, білімді, білікті, еркін, әділ буынды қаншалықты тәрбиелей алдық? Тәуелсіздігіміз саяси санамызды қаншалықты өзгерткенін білгіміз келгенде бүгінгі жағдайымызды бір екшеп алатынымыз бар. Осы күнгінің мысалын бұрынғыша өріп көрсек, қалай?
Би-ағаңның бәрімізге белгілі бір кейіпкеріне кешегі күні: «Уа, кімсіз?» деп әдеппен сұрақ қоятыны бар еді ғой. Кейіпкері де сызданып: «Ыбыраймыз» дейтін. Одан әрі:
«– Жаймысыз?
– Жаймыз.
– Уа, қайдан келесіз?
– Сайлаудан келеміз.
– Елге ойран сап,
Ойнаудан келеміз».
Бүгінгі күні мүсәпір болған әлгі кейіпкерге: «Уа, кімсің?» деуші еді. Ол да бұрынғы паңдығын жоғалтып: «Ыбыраймын» деуші еді әдеппен. Жалғасы мынау:
«– Жаймысың?
– Жаймын.
– Қайдан келесің?
– Соттан келемін.
Соттан емес-ау,
Оттан келемін».
«Ыбыраймыз. Ыбыраймын» диалогы қазақ даласында әлі айтылып келе жатқандай. Би-ағамның өлеңін өзімізше пайдалансақ, сызданатын бір Ыбырайдың орнын мізбақпаған екінші Ыбырай баса беретін болса, өзгерген, жаңарған неміз бар?
Елдің құлағы – ішкен, жеген, сосын ішіп-жегенін қайта құсқан жаңалықтарға түрулі. Өлтірген, соққан, тонағанның жыры тағы бар. Егеменді ел болдық, рухымыз азат, еркін ойлы азаматпыз дегендегі көксеген биігіміз қайда қалды? Әл-Фараби бабамыздың ғана емес, күллі қазақ арманы, «Ізгі қала тұрғыны» идеясы осы күні қанша жанның жүрегін тербейтінін білгіміз келеді. Өз таңдауымызды тек өзіміз жасайтын тәуелсіз ел болғалы бергі бар бітіргеніміз – қазақ даласын тонап, қалтасына сыйғанын қалтасына салып, сыймағанын әлемдік банктерге салғандардың қылмысын олар шетел асып кеткен соң, аттандап айтып, айтақтап ит қосу ғана ма еді? Сонда жиырмадан аса жыл ішінде біз тек тоналуды ғана үйреніп пе едік деген ой келеді. Жо-жоқ, жеткен жетістіктеріміздің барлығын жоққа шығармаймыз. Алайда, «баяғы жартас, сол жартасты» қашанғы мысалға ала бермекпіз? Бүгінгі қазақ болмысын зерттеп-тану үшін, қазақтың саяси санасы осы жиырма екі жыл ішінде қалай өзгергенін білу мақсатында саясаттанушы Расул Жұманұлымен әңгімелесіп, көкейде жүрген сауалдарымызды қойған едік…
– Тәуелсіздігімізді әлемдік қауымдастық, дүниежүзінің мемлекеттері мойындап отыр десек те, біз өзіміз, сол тәуелсіздікке қаншалықты сендік? Мұндай сауалды қойып отырған себебіміз – ешкімге кіріптар емес, өзгелермен терезесі тең, азаматтық қоғамға нық қадам басқан ел екенімізге халқымыз қаншалықты нанғанын білгіміз келеді.
– Меніңше, біздің саяси тәуелсіздігімізді әлемдік қауымдастық мойындады, Қазақстанмен кез келген мемлекет қарым-қатынас орнатты дегенге мақтану, бәлкім, сол егемендік алғанымыздың алғашқы екі-үш жылында өзекті болса, болған шығар. Бірақ тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырға жуық уақыт өткенде, халықаралық қауымдастықтың бізді мойындағанын қайта-қайта айта берудің заманы өтті. Әлемде екі жүзге тарта мемлекет болса, олардың ешқайсысы әлемдік қауымдастықтың танығанын, құрметтейтінін айтып, бөркін аспанға ата бермейді. Жеке адам болсын, жеке компания болсын, нақты бір мемлекет болсын – өзін-өзі мақтағаннан гөрі, өзге біреу мақтағаны дұрыс шығар. Ал шын мәнісінде өзінің атын-затын, мәдениетін әлемге паш еткісі келсе, өз мемлекетінің абыройын асқақтатқысы келсе мемлекет ең әуелі өз қамын, өзінің азаматтарының жағдайын, олардың тұрмыс-тіршілігін тиісті дәрежеге көтеру арқылы бүкіләлемдік қошеметке, құрметке ие болады.
Менің арманым – мемлекет қандастарыма жағдай жасаса. Осы мәселемен күнделікті айналысса. Еліміздің экономикасын әртараптандырып, оның экономикасын көтерсе және соның игілігін шетелдіктерге емес, өз халқына көрсетсе. Еркіндік деген – осы.
Айталық, өз басым жұмыс істеген – Біріккен Араб Әмірліктерін мысалға алайын. 1971 жылы егемендік алғанда дәл сол мезеттегі жағдайы тәуелсіздік алған Қазақстанның жағдайымен ешбір салыстыруға келмейтін. Оларда жол да болмады, бірде-бір фабрикасы, зауыты жоқ еді. Тұрғын үйлері жоқтың қасы, себебі, көшпенді ел болған мемлекет. Қандай да бір әлеуметтік нысандар, мектептер, емханалар, дәріханалар, институттар – дәл солай. Осындай мемлекет 1971 жылы мұнайды өз қолына алғаннан кейін айналдырған қырық жылдың ішінде қандай биіктерді бағындырды! Осы қырық жылдың ішінде Әмірлік халқының саны 150 мыңнан қазір 800-900 мыңға жетіп отыр. Осы мерзім аралығында халқының саны 5-6 есе өсіп кетті. Екінші, долларға шаққанда әрбір жетінші азаматы – миллионер. Сондықтан меніңше, егемендік деп мақтана беруден гөрі, әрбір азаматтың сол егемендіктің игілігіне өзінің жеке басы, отбасының қолы жетуі маңыздырақ. Неге бәрі Швейцарияны мақтайды? Қайта-қайта үлкен басқосулар, алқалы жиындар, белгілі бір халықаралық ұйымдарға төрағалық етуімен халқының мақтанышы болып отырған жоқ қой. Бұл мемлекетте өте жоғары өмір деңгейі қамтамасыз етілгені, Швейцария тауарларының өте жоғары сапада екені, тұрақты, қалыпты инвестициялық ахуал орнағаны, мықты, керемет инфрақұрылым жасалғаны ешкімге жасырын емес. Қандай да бір мемлекетті құрметтегенде осы әңгімелер айтылады. Сондықтан өзіміздің Конституцияда жазылған басымдықтарымызды ұмытпағанымыз абзал.
– Саяси санасы ояу ұлт есебінде біз өзіміздің тұтастығымызға, бірлігіміз бен ішкі тұрақтылығымызға нұқсан келтіретін қауіптің алдын қалай алып отырмыз? Билік пен халық осы бағытта бір-бірін қаншалықты түсінуде?
– Тәуекелдер біздің өз ішімізде де, айналамызда да аз емес. Оларды біреу білсе, біреу білмейді. Ол – жемқорлық, әлеуметтік әділетсіздік мәселесі. Байлығына қарай бай мен жарлының арасының тым алшақтауы. Ауыл мен қала арасындағы үлкен айырмашылық. Бюрократия. Қолға алынған даму бағдарламаларының бірде-бірінің дұрыс орындалмауы. Халық тарапынан сенімнің, меніңше, жыл сайын азайып келе жатқаны. Мамандардың кәсіптік деңгейінің көңілден шықпауы. Бұл – біздің ішкі тәуекелдеріміз. Біз осы жиырма екі жылдың ішінде біртұтас азаматтық қоғам қалыптастыра алдық деп, өз басым айта алмаймын. Ұлтты, мемлекетті біріктіруші тетіктер, мысалы, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, қазақ дәстүрлері, қазақ өміртануы – мұндай құндылықтар әлі күнге дейін толыққанды іске асқан жоқ деп санаймын. Қазақстандықтардың ойы бір жерден шығып отыр деп айтуға болмайды. Кей кездері орыстілділер бір бөлек, қазақтілділер бір бөлек. Мәселен, осыдан екі-үш ай бұрын Қазақстанда ресейлік протон зымыраны құлағанда бұл мәселені жаны, жүрегі ауырып көтерген – қазақтілді баспасөз, қазақтілді қоғам қайраткерлері, қазақтілді азаматтар. Орыстілділерден бірен-сараны болмаса, қалғаны жан түршігерлік осы апатты байқамауға тырысты, иә үстіртін ғана атап өтті. Дау көтерген жоқ. Себебі, бүйрегі қалай болғанда да Ресейге бұрып тұрғанын көрсетіп алды. Ал «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай қазақстандық әуе кемесінде келе жатып, қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап еткенде, солар протонға көрсетпеген белсенділігін осында танытты. Екіленген стандарттар, қоғамның бір мәселеге түрлі көзқараста болуы оның біртұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін.
Сыртқы тәуекелдер де аз емес. Бұл Ресейдің ықпалы, протон арқылы, Кедендік одақ арқылы, интеграциялық құрылымдар арқылы сес көрсетуі. Орталық Азиядағы шекаралас, бауырлас мемлекеттермен қаншалықты көрші, қаншама тарихи байланыстарымыз болса да, суға қатысты, шекараға, өзара саудаға қатысты, түрлі саяси мәселелерге, ұстанымдарға қатысты да тәуекелді мәселелер аз емес. Арасында лаңкестік, Ауғанстан факторы бар. Бұл мәселелердің алдын алуда әрине, дипломатия қажет. Әрине, мемлекеттің ұстанымдарының оң болғаны дұрыс. Алайда, ең басты мақсат, ең басты алғышарт – халқы мен билігі бір бағытта ойлайтын, бір-біріне қолдау көрсететін қоғам болуы шарт. Осы жағынан осал болатын болса, тиісінше басқа жақтары да осал болады. Тиісінше басқа жағдайлардың ушығуына әкелуі мүмкін.
– Көрші Ресейдің қол астындағы түркі бауырларымыз – татарлар, башқұрттардың тәуелсіздікке ұмтылысын, егемендікке деген іңкәрлігін көргенде біз «қолда бардың қадіріне» жетпей отырғандай көрінеміз. Сіз қалай ойлайсыз?
– Ондай сезім бар. Бәлкім, егемендіктің, тәуелсіздіктің, Кеңес Одағы ыдырағанда жеңіл келе қалғанының себебі ме? Қалай болғанда да егемендіктің қадірін әлі күнге дейін сезіне алмай келе жатырмыз. Егемендік әрбір азаматтың ішкі дүниетанымы, ішкі сезімі. Ондай сезім біздің азаматтарымыздың бойында қалыптасты дей алмаймын. Оның бір мысалын мигранттар толқынынан көреміз. Жас жігіттер, олардың ішінде өзге ұлт өкілдері ғана емес, қазақтар да бар, бизнесте жүрген орта буын өкілдері, ғалымдар шетелге кетіп жатыр. Жыл сайын бұлардың саны көбейіп келеді. Неліктен? Бұл өте келеңсіз жайт.
– Бүгінгі қазақстандық өмірге көзқарас қандай? Бұған біздің саяси жүйеміз, халықаралық қатынастағы байланыстарымыз, экономикалық жетістіктеріміз қаншалықты әсер етеді?
– Керемет бір мақтаныш сезімі баурайды деп айта алмаймын. Өкінішті, әрине. Осы жиырма екі жылдың ішінде көп нәрсені іске асыра алмай қалдық. Егемендіктің әу басында бөркімізді аспанға лақтырып, қуанып айтқан мақсат-мұраттарға жете қойған жоқпыз. Қайта, кейбір арманымыздан, тіпті, қол үздік. Егемендіктің үлкен жетістігі – шетелге ауып кеткен қандастарымызды қайтарамыз, қайта қауышамыз деп едік. Сол қандастарымыздың көші тоқтатылды. Елге оралған қандастарымыз қазіргі қазақ қоғамының толыққанды, ажырамас бөлігіне айналды деп те айта алмаймыз. Оқшау, бөлек. Орыс тілін – бөтен елдің тілін білмегендіктен әлі күнге дейін бизнесте де, мәдениетте де, басқа салаларға да дендеп ене алмады. Бұл олардың кінәсі емес, өзіміздің кінәміз. Басқасын былай қойғанда сол оралмандардың қатарынан шыққан бірде-бір министр, депутат, әкім, үлкен бастық жоқ. Біздің мысалға алып отырғанымыз – тәуелсіздік алғалы бері елге оралып үлгерген бір миллионға жуық қандастарымыз.
Мұнайдың игілігін халыққа көрсетеміз дейміз. Осы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаншама мұнай өндірілді, оның 70-80 пайызы шетелдіктердің қолында қалды. Сол мұнайдан көріп отырған «пайдамыз» – еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін – әр азамат шетелдіктерге тоғыз мың доллар қарыз болып қалыппыз. Мұнайымыздың игілігін көру былай тұрсын. Жеткен жетістігіміз – жолдардың көңіл көншітпейтіні, бағалардың шарықтауы, биліктің өзіндегі түрлі ауыс-түйістер. Халықтың қаржысын қалтасына басып, шетел асып кеткендер. Қаншама бағдарламалар қабылданды, ауыз толтырып айтарлықтай іске асқан біреуі жоқ. Көбіне көзбояушылық. Бір ғана мысал. Кезінде үлкен қаржы жұмсап ашылған Ақтаудағы планшеттерді жинайтын зауыт, қазір белгілі болып отырғандай, ол планшеттерді Қытайдан сатып алып, өздері жасап отырғандай көрсеткен. Біздің экономикалық жетістіктеріміз дегенде белгілі бір жалаң көрсеткіштерге табына берудің қажеті жоқ. Өз мүддесін ғана ойлайтын халықаралық топтардың немесе шетелдік бір ұйымдардың арқамыздан қаққанына мәз болатындай жағдайымыз жоқ. Мемлекеттің дамығанының бірден-бір көрсеткіші – сол мемлекеттердің азаматтарының жай-күйі, олардың білімі, олардың бәсекелестікке қабілеттілігімен ғана өлшенеді. Бұл әлдебіреу шығарған заң емес, жалпы әлемде белгілі дүниелер. АҚШ, Жапония, Корея, Малайзия – бәрінің келтіретін критерийлері осы. Осы тұрғыдан айтқанда менің қазіргі қазақстандық өмірге көзқарасым өте сыни.
– Осы күні кім шетелге қанша ақша әкетті, кімнің сән-салтанаты асады деген тақырыптарды олар шетел асып кеткен соң, бүкпесіз көтеріп жүрміз ғой. Алайда, еліміздің шаруашылығы, мәдениеті, халықтың шеккен зардабы туралы дәл осы күнгі әңгімені нақ осы таңда қаншалықты әділ айта аламыз?
– Шын мәнінде біреу шетелге асқанда ғана барып бәрі данышпан бола қалады. Храпунов осында жүргенде ешкім ләм-мим демеді. Оның қалталы екенін жұрттың бәрі біледі, біле тұра оған ешкім тіс жармайды. Тек шетелге ауғаннан кейін ғана бәрі оның қылмыскер екенін «еске түсіреді». Кезінде Рахат Әлиевке де осы әңгіме айтылды. Қолын мезгілінен кеш сермейтін дүниелер ғой. Болған іс болған да шығар. Осындай екіленген стандарттар жалғаса берсе, қылмыскерлер ішіп-жеп болған соң, ешбір жауапкершіліксіз шетел аса беретін болса, жаңа жемқорлардың пайда болмасына кім кепіл? Мұнайлы аймақтың бірінің бұрынғы әкіміне қатысты алдыңғы жылы дау шықты. Алайда, қайта ізін суытып, қыруар қаржыны шетке шығарып үлгіргенде шықты. Ал сол былық жалғыз облыспен шектеле ме екен? Қалған өңірлердің бәрі шетінен судан таза, сүттен ақ па екен? Мұны кейінге қалдырмай күнделікті тексеріп отыру керек. Мәселе, болған қылмыс үшін жазалауда ғана емес қой. Ең бастысы, сол қылмыстарды болдырмай, алдын алуда. Өйтпейінше, олардың жалғаспауына ешкім кепіл бола алмайды.
– Саясаттанушы ретінде тәуелсіздіктің шарттарына тоқталып өтсеңіз. Тәуелсіз ел дегенде бүгінгі жас өскін көз алдына нені елестетеді? Тәуелсіздіктің атрибуттары, сіздіңше, не? Көк байрағымызды желбіреткелі жиырма жылдан асты. Сол жиырма екі жыл ішінде біздің саяси санамыз, тәуелсіз болмысымыз қаншалықты қалыптасты?
– Жиырма екі жылдың ішінде көп нәрсені жіберіп алдық. Тек қана экономика, сосын саясат деген ұстаным болды. Экономика, саясат деп жүріп оның ортасында руханият, мәдениет, тәрбие, білім мәселелері кейін деп қалды. Ақырында, жастарымыздың арасында осы қасиеттер тұрғысынан осал тұстар аз емес. Себебі, оған ерекше көңіл бөлінген жоқ. Отбасы деңгейінен бастап, мемлекеттік білім беру саласының салғырттығынан. Жіберіп алғанымыз осы. Өмірге деген ізгі түсінікті бұзып алдық. Алайда, осы, онымен бірге демократиялық қоғам құру, экономикадағы, әлеуметтік мәселелердегі, шаруашылықтағы, ауыл мәселесінде қаншама қателіктерді жіберіп алсақ та, әлі де кеш емес. Егемендікті, тәуелсіздікті әркім сезінуі үшін оның көріністері немесе алғышарттары болуы керек.
Тәуелсіздік мемлекеттік рәміздер немесе Әнұран ғана емес. Әнұранды тіпті ертеңнен қара кешке дейін оқушыларға мектептің алдында айтқызып қойған жеткіліксіз. Отансүйгіштік немесе өз елінің тәуелсіздігін Әнұранды айтып қана мақтан тұта салатын болса, содан ғана халқымыздың жүрегінде от тұтана салатын болса – құба-құп. Бірақ олай бола қалмайды ғой. Ол үшін әрбір азамат өзінің осы елдің азаматы, осы елге жауапты тұлға ретінде сезінуі керек. Оның дауысымен, оның ойымен келісетіндей азаматтық қоғам қалыптасуы керек. Біздің елдің Конституциясында басты құндылық – адам. Мейлі ЭКСПО болсын, мейлі алқалы отырыстар болсын, оларды өткізу екінші, үшінші дәрежелі дүниелер. Мемлекет өз азаматтарын әуелі қолдауы керек. Бұлай болмайынша, тәуелсіздікті, егемендікті әр азаматтың өз ішінде, өз жүрегінде тануы, сезінуі төмен дәрежеде болады. Және осылай жалғаса берер болса, азаматтарымен бірге тұтас мемлекеттің өрлеп алға басуы, түрлі қиыншылықтарды еңсере алуы неғайбыл.

P.S: «Құдайға шүкір, тәуелсіз елміз». Аузынан шүкірі таусылмаған қазақтың ұрпағы есебінде шүкірімізден жаңылмағанымыз дұрыс, әрине. Сонда да, Алла берген тәуелсіздіктің жиырма екі жылдан аса уақыт таңын қарсы алсақ та, егемендігімізге сенер-сенбесімізді білмегендей, осы бір сөзді қайталап айта беретінімізде бір сыр бар-ау! Бәлкім, үш ғасырдай бодандықтың ызғары әлі де арқаға аяздай бата ма екен?
Тәуелсіз ел болдық, Көк Байрағымызды желбіреттік, Әнұранымызды асқақтаттық. Астанамызға барша әлем таңдана қарайды деген зор сөздерді жиі айтамыз. Ал сол асқақ сезім жүректерді қалай тербейді? Тәуелсіздік алған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіз буын өсіріп шығара алдық па? «Ай-хой, жиырма бес!» деп, қазақ тамсанған жиырма беске жақындағанда біз рухы өр, тәуелсіз халықтың болмысын қаншалықты қалыптастырдық? Бұл сұрақтардың жауабын осы күні қаншалықты іздейміз. КСРО-дан Тәуелсіз Қазақстанға топ етіп түсе қалған ұрпақ әлі күнге ескінің әнін аңсамай ма екен? Аңсаса, оған кім, әлде нендей күш кінәлі? Қалтасындағы бар байлығын той-томалақта өзге елдің бақсы-құшнашын, әнші-бишісін шақыруға жұмсайтын қазақтың бай-манабынан бастап, қара базарда болмашы ақшаға қара күшін бұлдайтын қара жұмысшыға дейінгі әлеуметтік топтардың өкілдері тәуелсіздік алған уақыттан бері қандай өзгерістерді бастан кешті. Әлде, сол баяғы: «Ыбыраймыз. Ыбыраймын» жыры жыр ма екен?!

Сұхбаттасқан Қарагөз СІМӘДІЛ.