Төрт бидің сайлануы
1824 – жылы Көгедай өліп, орнына үлкен ұлы Ажы төре болады. Ажы гүңның таққа отырып, ел билеген кезі Қытай қазақтарының Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға таулары мен Іле алқабына ірге тебе бастаған кезі еды. Осындай ұланқайр жерге, ұланқайр елге билік жүргізуі ұшын Ажы төреге елды баса билеп, тізгінын тартып отыратын ықпалды да ақылды қолғанат керек болады. Екіншы тараптан, халық төре ұрпақтарының дәулет мастығынан туған зорлық-зомбылығына ара түсіп көз қүлақ болтын кісі қажет етеді. Осы себепті ел басылары Ажы төремен ақылдасып келіп, елге, ырықты, сөзге үйтқы, сыртқа айбары бар қолғанат қоюды мақүлдайды. Ең алдымен олар ақылшы билердің қанша болуы жөнінде кеңеседі де, сол кездегі таным бойынша, «дүние төртке тоқтайды. Мысылы, Аллатағалада төрт Мүһарап періште болған, Мүхаммед пайғамбарда төрт шаһар жар болған, исылам дініне төрт мәзһап болған, дүниеде шығыс-батыс, түстік- терістік төрт тарапқа бөлінген, бұрынғы патшалармен хандар төрт уәзір ұстаған. Әрқандай нәрсе төртке тоқтайды» деп төрт би сайлауды ұйғарады, би сайланатын адамдардың толымдылығы жөнінде ақылдысып, төрт шарт қойып, сол шартқа толымды адамдар іздейді.
- Шарт: ел іргесін кеңейтіп халыққа жер-қоныс әперген аам болу қажет.
- Шарт: ел басқарып билік жүргізп келе жаткан болу қажет.
- Шарт: арысы моңғол, қазақ, берісі алты арыс бас қосқан жиында топ жарып, сөз бастаған , әділ билік жүргізген болуы тиіс,
- Шарт:руы өскен, беделі жоғары,қолшысы көп болуы керек.
1832- жылы ел басылары Қалутан жазығЫна Үй тігІп Қүрылтай ашады. Қүрылтайды Ажы гүң өзы басқарады да, абақтың он екі ру босынан түгел уәкіл қатынасады. Алтайдың алты ел ұраңқайы мен торғаут уаңы, көршілес қазақ руларының төрелерңі келеді. Қүрылтай кеңесі кезінде қарақас, молқы, ителі, сарбас, шеруші, қүлтайболат, меркіт қатарлы елдың ру басылары би болып сайланудан бас тартады. Мүның себебі, жәдік пен жәнтекей әрі көп әрі жуан атаның тұқмдары болғандықтан, төреның де билгін тыңдамайтын, кесімне ырық бермейтын еді. Ендігі жерде олар төрт бидің бәрін өздерінің осы екі руынан іздейді. Жәдік баласынан жәнтекей руының тұтын саны мол болғанымен,төрт орынның үшеуін алып кетуге толмдылығы жетпейді. Сондықтан, жәдіктен екі, жәнтекейден екі би сайлау үйғарылады. Жәдік балалары төрт мәлк, сегіз жанат болып екі үлкен руға бөлініп, үзеңгі қағсып, тең өсіп келе жатқан ел болғандықтан , сайланатын екі бидің толымдылығын іздегенде сегіз жанаттаң біреуі Байғазанның ұрпағы бірден-ақ жүрыт аузына ілініп, талассыз сайланады. Ал төрт мәлк баласына келгенде, туысының білктілігі жағынан ең күштісі байғара болғандықтан, атақты батыр Қуандықтың үрпағы Құлыбек сайланады. Жәнтекей руынан сайланатын екі биге келгенде, үш жантекейдың өскен руы Сәменбет үрпақтары еді. Сәменбет ішінде Есантай балалары өте ырықты болтын. Сондықтан Ажының ойы да солардан бір қолғанат ұстау еді. Алдынан жау қашқан батыр да, жұртқа сөзі өткен салауатты би де, теріс азу тентекте солардан шыға беретін. Сонда Жәнтекей руынан төрт шартқа толымды кісі Кокен болады. Бұл кезде елуді алқымдап қалған Көкен ел бастаған батыр, ел басқарған қара би екен. Оның елге олжа салған ерлігінің біреуі мынау көрінеді: Көгедай төре Шиің патшалығына қарасты болғандығы үшін әр жылы патшаға он мың тенге ақ күміс алман төлейді, осы алманды Шиің үкіметі Қобдадағы Дөрбіт хандығы арқылы алып отрады, ал Дөрбіт хандығы арнайы атарман-шабарман жіберіп жинаттырады. Момын елден алман алуға келген атарман-шабармандар Шиің патшалығының дүмпуін алдына ұстап, дүбірі жер қозғалтып, қабағының кәрін, тілінің зәрін төгіп, ел жүрегін шайлықтырып, алманды жыл сайын ауырлата берді, он мың тенге ақ күміс ғана емес, Алтайдың асуын шаң қаптырып, Қобдаға қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, табын табын түйе айдайтын болады. Сұрағандарын бермегендерді дүрелеп айып алады. Осы салықшылар бір күні Көкен ауылына келіп түсіп, өз қалағанын ала алмағанда Көкенді байлап, Ажы төреге апарып айып алады. Бұл қорлыққа төзбеген Көкен елден қалың малды айдап қайтқан салықшылармен ілесе жүреді, түнде олардан бөлініп кетіп, күндіз ғана ілесіп қалмайды. Қайда барасың дегендерге Дөрбіт ханына жолығамын дейді, салықшылар Көкенге қастық істеуді ойласа да, Көкен олардың бұл арманына жеткізбей, салықшылардан бөлініп, Дөрбіт ханына бұрын жүріп кетеді. Сол беті Дөрбіт ханына жолығып, адамдарының заңсыздық істеп жүргенін айтып, ел атынан шағым етіп, Шиің патшалығына арыз көтереді. Мұны естіген Дөрбіт ханы Көкеннің қасына өз ақылшысын қосып беріп, салықшылардың Алтайды асырып айдаған барлық малының барлығын қайтартқызыды. Осыдан кейін ел заңсыз алманнан және жүгенсіздіктен құтылады. Ел алдындағы осы қайраты үшін шартқа толып, Көкен би болып сайланғанда, енді бір орынды атасының жуандығымен, туысының көптігімен Топан алады, сүйтіп жәдіктен екі би Бейсенбі Дөненбайұлы мен Құлбек Жәнтеліұлы, жәнтекейден екі би Көкен Мамытұлымен Топан Сатайұлы сайланып, Ажы төренің оң тізесінен орын алады. Төрт би сайланғанда жасы ең үлкені Көпен елу жаста болады да, бәрінен ұзақ жасап тоқсан неше жасында дүние салады. Сондықтан халық бұл кісіні «Кәрі би» деп атап кетеді. Ең жасы кішісі Бейсенбі отыз жеты жаста болады, сайланған төрт би Ажы төремен жиынға қатынасқан жұрт алдында ақсарбас қойдың қанына қол матырып; жақынға жан баспаймыз, жатты да жақындай санаймыз! Әділетті билік айтамыз, елды жаудан, даудан қорғаймыз. Нашарды қолдаймыз, зорлық зомбылыққа тиым саламыз!, деп аныт беріседі. Төрт би сайланғаннан кейін Ажы төреге қарасты халықты қонысымен түтін санына қарай бөліседі. Бейсенбі бидің қарауына өз руы сегіз жанаттың сыртында шерушы және шұбарайғыр елі бөлінеді. Құлбек бидің басқаруына өз руы, төрт мәліктің сыртында жәдіктің бір баласы итеңмен, қарақас, молқы рулары бөлінеді. Топан бидің басқаруына өз руы барқының сыртында ителі,сарбас, есағасы, қазыбек және сүйіндік ұрпақтары қарайды. Көкен бидің басқаруына өз руы базарқұлдың сыртында құлсары, құлтайболат, шұйіншалы рулары және алты тасбике, шақабай, қыстаубай қарайды.Әр қайсысы өзіне қараған елден алман салық алатын болады, ол салқты «қазандық» немесе «қазан алман» деп атайды. Төрт би сайланғаннан кейін осы төрт бидің басқаруында заң жобасы жасалып, жер дауы, жесір дауы, құн дауы туралы белгілемелер шығарылады. Жер, су кім бүрын мекендеп, қазық қағып, күл төксе сонікі делінеді. Жесір елден кетсе де ерден кетпейді, сол рудан біреуді таңдайды деп шарт қойылады. Ердің құны екі жүз жылқы, әйелдің құны бір жүзі жылқы деп белгіленіп, төренің құны төрт жүз жылқыға тоқталады.бұрынғы жеті жарғыдағы белгілеме күшінен қалдырылады. Ұрлық қарлыққа тиым салу жөнінде белгілеме жасалып, ұры қарыға, тентек тебізге қылмысының ауыр жеңіліне қарай қаранар, қара жамбы, ат бастатқан үш тоғыз айып белгіленіп, жеңіл күнәларға ат, шапан айып кесілетін болады. Әдеттегі ұрыларға малдың көзі болса көзін қайтару, көзі болмаса малды басына қосақ, артына тіркеу алу ұйғарылады. Анықталмаған мүмәнді іске (кісі өлімінен әр тұрлі ауыр жеңіл ұрлықтарға дейін) исылам дінінің шариғаты бойынша қасам ішкізіледі, жан бергізіледі. Жауапкер адамның ақтығы үшін көп болғанда қырық адам, не онан аз адам күмән беруге қатынасып, жауапкердің ақтығына сенім білдіреді. Сенім білдіретін, күмәнға түсетін адамды қарсы жақ сол рудың білікті адамдарынан, бай мырзаларынан таңдап алады. Егер «жан күмән» беруге бара алмаса адам басы бірден қойтұяқ ақ күіс ( бір жамбы бес тұяқ, он қой тұяқ болды) береді. Тентек тебіздерге бұдан тысқары қолданылатын шара дүре болады. Әйелдер зинақорлық істесе мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып масқаралап, жиналған топ алдынан өткізу белгіленеді. Төрт бидің иелігіндегі әрбір ру түтін саны мыңға толғанда жеке иелік құқұқ алады деп белгіленеді. Төрелердің төлеңгіттерге, сондай ақ басқаларға жүргізген жолсысздықтары мәселен, төлеңгіттерді сұрақсыз өлтіруі және шаңырағына құл ғып мінгізуі, әйелдерін аяқ асты етулері жолсыздық деп бекітіліп, бұдан былай мұндай істерге жаза қолданылатыны айтылады. Ажы төрені Қалба тауында хан сайлағанда оның қызметін істеп, малын бағу үшін он екі керей бес алты түтіннен адам берген.хан қолындағы мұндай адамдарды «төлеңгіт» деп атаған. Олар өзі қарастылығына лау алман төлемейді, тек төренің қызметін істейді. Бұлардан сырт өздігінен төреге сіңісіп, паналағандарда болады. Бұларда төлеңгіттер қатарын толықтырған. Төрт би сайланғаннан кейін Ажы төренің керейге билік жүргізуі біршама орнықты болады. Төрт би өзіне қарасты халықты өзі басқарып, кіші кірім жұмыстар төреге бармай ақ төрт би алдында шешіліп кете береді, тек төрт би бас қосып шешетын үлкен жүмыстар ғана төре алдына апарып ақылдасып отырады.
Бір кезде бүл керейде төре білген,
Еліміз айтқанына көне білген.
Жәдік пен жәнтекейден төрт би шығып,
Билгін төрелердың бөле білген дегенде ақын Күдері осы жайларды айтқан екен. 1832-жылғы осы қүрлтайда мақүлданған «тұтін саны мыңға толған ел жеке билік алды» деген белгілеме бойынша, жылдар өте келе тұтін саны белглемеге толған рулар бір-бірлеп жеке иелік ала бастайды. Бүрынғы Бейсенбі биге қараған елден Дабының иелгндегі шыбарайғыр елы, Жылқшы Ақтай үлының иелігіндегы шерушы елы, Қүлбек биге қараган елден Бітімші иелігіндегі қарақас, Құлый иелгіндегі Ителі, Буратай иелігіндегі Сарбас, кейін келе Бұланның иелігіндегі Есағасы Қазыбек, Бұрынғы Көкен биге қарасты елден Сартжан иелігіндегі Меркіт, Бұршықпай иелігіндегі тайлақ елі, Көксеген иелігшіндегі Тасбике елі, Жанымхан және Жапар иелігіндегі Шақабай елі, Иманбай иелігіндегі Найманның Бура руы дербестік алады. Он екі абақтың бірі саналатын Құлтайболат бөлініп шыға алмай, Көкен бидің қарауында қала береді. Тіпті Көкенніің мұрагері Жұртбайдың кезіне жеткенде Жантекейдің бір баласы болып сіңісіп, «Кәрі би» ұранында жүреді. Құлтайболаттың орнына Ашамайлы керейді Абақ ішіне сіңген Шимойын руын онекі керейдің бірі деп танытады. Бұл жеке иелік алу ісі 19 ғасыр соңғы шерігі мен 20 ғасырдың алғашқы шерігінде жүріліді. Басқарушылар түтін санының толымдылығына қарай «Тайжы», «Үкірдай » деп аталады, сөйтіп, Ажы төреге қарасты Керейр, Найман руларында он бес тайжы, жирма бір үкірдай билік жүргізеді. Бұл тәйжі, үкірдайлардың қолшылары «зәңгі» деп аталады, бұлардың сыртында Бейсі, Амбы деп аталып үстеме билік жүргізушілер де болды.
Билік алған он бес тайжы мыналар: Дабы (Шыбарайғыр), Кәкен (Жанат), Қылыш (Мәлік), Қабыл (Меркіт), Оспан (Барқы), Дәлелхан (Шеруші), Құли (Молқы), Қалел (Қарақас), Жаппар (Ителі), Буратай (Сарбас), Қасымбек (Жарболды), Жәнімхан (Шақабай), Нәзір (Шақабай), Дәулетше (Шүйіншіәлі), Зиа (Базарқұл); Жирма бір Үлірдай мыналар: Қазез (Томызық), Қылышбай (Мұңал), Молдақан (Құланбай), Жанәбіл (Итеңмен),Қалибек (Жарболды), Қозыхын (Төре), Бұлан (Қазыбек), Иманбай (Бура), Көксеген (Тасбике), Ноғайбай (Шақабай), Әліп (Тасбике), Байанбай (Молқы), Ыбырайхан (Құлсары), Сәлімбақы (Қыстаубай), Зейнел (Қарақас), Есімқан (Молқы), Қалибек (Барқы), Жәңгәр (Шақабай), Бұршақбай (Тайлақ), Құйқабай (Шеруші), Мейірбек (Жарболды).
Бұл он бес Тайжы, жирьа бір Үкірдәй билеген ел бір жағы Қобда, Жәйір, Еренқабырға, бір жағы Құмыл, Баркөлге дейін мекендегендіктен, төрт биге бұрынғыдай «қазандық» төлемейді. Алтай төңірегіндегілері ғана тиісті «қазан алман» және Шиің патшалығының алманын төлеп тұрады. Жеке билік пайда болғаннан кейін төрт бидің шабармандарының қолы біліп алатын заңсыз алымдары қақпайланды, төрт би сайланғаннан кейін Абақ керейдің өрісі кеңейіп, ошағы қаланып, іргесі орнығып,елі өсіп, әулеті шалқи түседі.
Асқар Татанайұлы
«Тарихи дерек, келелі кеңес» кітабы


