Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Жаңалықтар

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

14/10/20130


 Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы

 

Қымбатты отандастар!

 

Баршаңызды айтулы мереке — Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам — ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам — Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.
Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қолұшын беру сияқ­ты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабаларымыз осы асыл үрдістерді ға­сыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.
Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі әрекеттен көрініс табады. Діннің бас­ты мұраты — қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.
Халқымыз өз рухани болмысын сақтап, ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі өркендеу жолына қадам баса береді деп кәміл сенемін. Алла тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Құрбан айт мүбәрак болсын!
Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТөрт бидің сайлануы
Next Article Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.