Бүркітбай тұяқұлы (1906 1944) 1939 жылдан бастап Оспан батыр басқарған кқтерілістің бас сарбаздарының бірі, атақты мерген. Оның есімі батырлығымен қоса «Ой, Ғайша» әнімен әйгілі болған. Ол 1943 жылы қолға түсіп, 1944 жылы 11 ақпанда қытайлар жағынан атып өлтірілді.
«Ой, Ғайша»
Батыр болып аттандым мен Бүркітбай,
Ойладымба болам деп дәл осындай, ой, Ғайша.
Ел жұртымнан айырылып кетіп барам,
Қара тұман айығы, күн бір шықпай. Ой, Ғайша.
Міндім атты тағалап,
Мұзбен шаптым жағалап.
Шірік шиге келгенде,
Ұстап алды қамалап.
Жауға аттансам батасын берген шешем,
Айырылмастай қасынан көрген шешем. Ой, Ғайша.
Ата жаудың қолына қор боп түсіп,
Аяғына балаңның түсті кісен. Ой, Ғайша.
Дөрбілжіннің басында,
Дулайтының қасында.
Қолға түсіп қор болдым,
Отыз жеті жасымда.
Кімге опа береді мына жалған,
Мен сияқты барма екен қапы қалған. Ой, Ғайша.
Қатерлі түс көріп ем бүгін түнде,
Бір емшегін анамның кесіп алған.Ой, Ғайша.
Тобылғының бүріндей,
Текеметтің жүніндей.
Өтіп дәурен барады,
Бір күнгідей білінбей.
Қайша жарым алаштан таңдап алған,
Айырды ғой сенен де мына жалған. Ой, Ғайша.
Ата жауды жеңілген көз көре алмай,
Кетті менің ішімде толған арман. Ой, Ғайша.
Қол аяғым байлауда,
Қызыл тілім сайрауда.
Мен қайшаны алып ем,
Былтыр күзде жайлауда.
Бір күн оңда дүние бір күн солда,
Дүние шіркін тұрмайды мәңгі қолда. Ой, Ғайша.
Жұмыртқадан шайқаған бағилашым,
Не күн көріп жүр екен жалғыз ол да. Ой, Ғайшаү
Қару жарақ асындым,
Темір сауыт қапсырдым.
Бағила мен Қайшаны,
Елім саған тапсырдым.
Мен өлсем де артымда елім қалды,
Дария шалқар, зеңгір тау, белім қалды. Ой, Ғайша.
Халқым үшін өлгенім арман емес,
Алып берер кегімді ерім қалды. Ой, Ғайша.
Қарауылда жатушы ем,
Қытай көрсем атушы ем.
Жолдас жақсы болғанда,
Аман есен қайтушы ем.


