Ақыт Үлімжі ұлы Қарымсақов 1868-жылы (жылан жылы) тамызда қазіргі Алтай аймағы Көктоғай ауданының Қайырты деген өзені бойында дүниеге келген. Ол алғашқы сауатын немере ағасы садық жебен ұлынан әліп _би үйреніп ашса, кейін ауыл молласы ғұсыман дегеннен түркі тілде сабақ оқиды . Сұл тұста мырза бақа деген кісі алтай аймағының көктоғай ауданының молқы елінің үкірдәйі жуанған хажының ауылына келіп бала оқытады . 1880-жылдардың соңында ақыт та осыдан білім алады . Ақыт өміріне осы мырза бақа анасы жібіектен кейін ерекше әсер еткен адам болды . Сонымен ақыт 22 жасында, яғыни 1890-жылдан бастап алтай, қобда, зайсан аралығында почта таратады . Осы барыста өзі білген араб, парсы, түркі жазуларынан тыс, мұңғұл, орыс тіл-жазуларын танып, оқып, үйренеді . Ақыт тағыда 1890-жылдан 1908-жылға дейін бардам үкірдәй ауылында бала оқытады . 1904 _ жылы қобда бетіндегі қазақтардан лайық, өрәзбек қатарлы 7 адам хажыға барғанда ақытты да ертіп барған, ақыт қайтарында кіші азия, батыс азия, африканың сөлтүстігі және европадағы елдерді аралап көп кітаптар сатып алады . Ақыт 1912-1939-жылдары буырылтоғай, көктоғай, шіңгіл аудандарының рәсіми сайланған қазысы, діни ғұлама имамы болады. 1939-жылы 12-ай 24-күні шың шысай үкіметі ақытты қолға алады, сонан үрімжі түрмесінде қатты қинау-тергеуден миы шайқалып, есінен адасқан есіл ғұлама кария 1940-жылы тамызда шың шысай түрмесінде 74 жасында қайтыс болады .
ақыт үлімжі ұлы қарымсақов өзінің 74 жылдық ғұмырында 9 жасынан өлең шығарады . Тұңғыш дастаны «жиﮭанша» 1897-жылы қазан баспасында жарық көреді . Кейін «ахуал қиямет» (1908), «ғибырат жыры» (1909), «мұқамет» (1909) қатарлы 11 кітәбі жарық көрді .
ақыт үлімжі ұлы қарымсақов еліміз қазағының ақын _ жазушылары ішінде желілес тақырыпта өлең және қисаны тұңғыш жазған адам .



