Біржан сал Қожағұлұлы |
Біржанның туған жері – қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жері. Руы – керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор.
Асқан талантының арқасында Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Бржанның шәкірттері. Әншілік дәстүрін қалыптастыруда, Біржан әннің әуенімен бірге текстінде қатар дамытады. Қазақ әдебиетінің тарихында Біржанның үлесі осы тұрғыдан бағаланады.



