Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»«Қазақсыз Қазақстан-2»: Билік көз-жасыңа сенбейді!
Қоғам

«Қазақсыз Қазақстан-2»: Билік көз-жасыңа сенбейді!

11/12/20130

«Мемлекет басшысы еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды» (http://akorda.kz/kz/page/page_215507_ )

Осымен бәрі бітті. 22 жылға жалғасқан қазақ көшінің аяғына шідер салынды. Қол қойылып, күшіне енген заң бойынша тарихи отаны — Қазақстанға көшіп келетін қазақтар төрт жылдан кейін ғана азаматтық ала алады. «Аталған заңға президент Назарбаев қол қоймайтын шығар, кері қайтарар, өзі бастаған қазақ көшіне қатысты стратегиялық саясаттың тамырына балта шаппас» деген қоғамның үміті кесілді. Бұл заңда шетелден көшіп келетін қазақтардың азаматтық алуына қатысты тұсы неліктен төрт жылға өскендігінің себебін түсіндірген жан баласы жоқ. Әр нәрсенің қандай да бір себебі болуы тиіс қой. Тіпті мал соярда да «Сен де жазық жоқ, біз де азық жоқ» деп мал екеш малдың да не себепті пышаққа ілінген себебін айтпаушы ма еді?! Билікті көші-қонға қатысты заң жүзінде мұндай қатаң шараға баруға не мәжбүрледі? Жауап жоқ.

Себебін өзім ше іздеп әлек боламыз тағы.

Қызылағаштағы су тасқыннан кейін құрбандарға ескерткіш қойылды. Ашылуға барған Президент оралмандар туралы қиғаш пікір айтып қалды. Бір ауыз пікір кейін Жаңаөзен оқиғасынан кезінде лауазымды адамдардың оқиғаға оралмандар кінәлі деген пікір айтуына жолашар жасады. Сөйтіп, шетелден келген қазақтар масыл болып отыр деген суық сөз қоғам ішін кеулеп кетті. Өткенде әлдебір шенеунік есептік баяндамасында халық саны өсе беретін болса, елде жұмыссыздар саны өседі деді. Яғни, халық санын өсіру – тиімсіз. Жұмыссыздық әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келеді. Тұрақсыздық тыныштықты бұзады. Оның арты шерулер, талаптар, толқуларға ұласады. Демек, халық санының өсуі мен жұмыссыздықтан билік қорқып, соның алдын алу шараларының бірі ретінде шетелден келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі жасауы ықтимал. Екіншіден, биліктің халық санының өсуі мен жұмыссыздықтан қорқуы – экономиканың анау айтқандай дамуы мен өсімі жоқ екенін, яғни, халықты жұмыспен қамытуға қауқарсыз екенін айғақтайды. Бұл өз кезегінде қарыштап даму туралы ертегіге нүкте қояды.

Біздікі жорамал ғана. Бәлкім, біз білмейтін басқа бір бұлтартпас себебі бар шығар…

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркияның регби құрамасында германиялық қазақ ойнайды
Next Article Оралманды еңбек мигрантымен теңестірген заң бекітілді

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.