| Мұстафа Өзтүрiк | |
| Жеке мағлұматтар | |
|---|---|
| Толық есімі | Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман |
| Шынайы есімі | Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман |
| Азаматтығы | |
| Мамандандыру | Таэквандошы |
| Туған күні | 23 қараша 1954 |
| Туған жері | Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласы, |
| Қайтыс болған күні | 15 наурыз 1995 (40 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы |
Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
Мазмұны |
Өмірбаяны
Балалық шағы
Қазақстанға оралу
Өлімі
Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.[1]
- 1975—1980 жж. Тайпей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайуанда алды.
- 1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады.
- 1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.
- Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.
- 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.
Досы — Несіб Жүнісбаев:
Мұстафа Өзтүрік! Бұл кісінің тағдыры өте қиын болған. 50-жылдар басында аталары, тағдырдың тәлкегіне шыдамай, бақыт іздеп Қытай, Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға келеді. Жолда ашаршылық та, суықты да, кедейшілікті де көреді. Барі бірдей Түркияға жете алмады… Сол елде 1954 жылы Мұстафа дүниеге келеді. Әке-шешесі баланы мектептен кейін Тайвань Университетіне жібереді. Университет дипломымен бірге Мұстафа Өзтүрiк таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айланады. Жұмыс істеуге ол Германияға көшіп барып Мюнхен қаласында таэквондодан өз мектебі — Мұстафа мектебін ашады. Осындай мектеп Ыстамбұлда да әлі істеп тұр. Егемендік алған елімізге ұландарымыздың көпшілігі орала бастайды. 1991 жыл для Мұстафа үшін де солай болады. Ол осы спорт түрінен Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Сосын ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып сол жақтардан ірі жеңіспен оралады. «Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім»


