Еуразия аталатын алып материктің, қала берді жаһанның ең үлкен мемлекеті Ресей елі жерге тоя қоймапты. Ендігі аюша ақырған орыс елі қазақ еліне қызығып отырған сынайлы. «Жалған жолдас көзіне мақтар, сырт айналып, сойылын баптар» дегендей Қазақстанды қолдап, қолпаштап кедендік одағына кіргізіп, геосаяси тұрғыда бір мүдде үшін ортақ әріптес орнатамыз деген ел, тағы бір сандырағын мәлімдеді. Кеше ғана ғаламтор бетіне бір журналистері жалған ақпарат таратып, Қарағанды қаласын Ресейдің «Нью Иоркі» деп сандалса. Бұл жолы ел қалаулысы, белгілі жазушы, белсенді саясаткер Эдуард Лимонов Қазақстанның солтүстік аймағына көз тікті. Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ресей басшысы Путинге кеңес берген: «Бұрыңғы кеңестік екі ірі мемлекет: Украина мен Қазақстан ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. Бұл жағдай мені қуантады. Украина да қырғын көтеріліс, ал Қазақстанда елге жағымсыз девальвация жүріп жатыр. Ресей осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Украинаның бір бөлігімен Қазақстанның солтүстік аймағын қарпып қалу керек» деген. Тіпті Лимонов мырза елдегі осыдан екі үш жыл бұрыңғы Жаңаөзен оқиғасында тілге тиек етіп, Назарбаев тез қартайып барады, оның ізбасары жоқ сияқты деп соққан. Ал Ресей тарапы көз салған біздің солтүстіктегі бес өңіріміз өнеркәсібі мен өндірісі қуатты облыстар. Сандалған Лимионовтың сандырағы, бір бүгін ғана емес бірнеше жылдар аралығында көтеріліп еді. Алдымен, Никита Хрущев бастаған кеңес үкіметінің тың жерлерді бірыңғай басқармасын құру үшін бес солтүстік аймақты Ресейге беру туралы бастамасы. Сол жылдары оңтүстік өңіріміздің үш бірдей мақталы ауданын Өзбекстанға беріп еді. Хрущев бастаған кеңес үкіметінің жандайшептеріне сахарадай кең байтақ еліміздің жат қолға өтуіне қарсы Тәшеновтың жүргізген табанды күресінің арқасында солтүстіктегі бес облыс аман қалған болатын. Хрущевтен кейін КСРО соңғы президенті М.Горбачев тағы да солтүстік өңірімізге көз тікті. Дегенмен ол кезде белгілі жазушы Солженицын да оның қолдаушысы болды. Ал, енді, Лимоновтың сандырағының астарында Путинде бар ма? Екен деп те ойлайсын. Ресей геосаяси тұрғыда мүдде үшін ғана дос болып отырған ел. Ол бәрімізге айдай анық. Бүгінгі Путин дәуірі Ресейдің баяғы күйреген кеңестік алып мемлекетке айналғысы келеді. Бұны Кремль басшысының бір саусағын ішке бүккен саясатының астары. Сондықтан да тағы бір Солженицынның бұл туралы айтуы заңды сияқты болды. Бүгінгі дос ертеңгі дұшпанға айналмаса болғаны. Белгiлi ойшыл, көрнектi философ С.Хантингтон: мемлекеттердiң бiр-бiрiне саяси жақындығы, оның бiр-бiрiне тiлеулестiгi мен достығы бұл елдердiң шекараластығымен емес, өркениет пен мәдениеттiң, дiл мен дiннiң, тiл мен салт-дәстүрдiң, ұлттық бiтiм-болмыстың ұқсастығымен, тарихи жағдайлармен анықталады» дейді. Сондықтан ресей біздің геосаяси тұрғыда әріптес досымыз екенін ұмытпайық. Ал, осы тұрғыда бассыздыққа барған, аузына келгенді оттаған Лимонов мырзамен қазақ халқы күресу керек сияқты. Бізге Ресей Федерациясының СІМ келген нотасына қарап қалмау керек. «Айтқан сөз, атылған оқ пен тең» дейті қазақем. Олардың бізден олай көлгерсіп, кешірім сұрағанынан еш пайда жоқ. Бір кездері атақты Жириновскийлері тағы да біздің ел туралы от салар пікірлер айтқан. Оның кешегі Украина тағдырына айтқан пікірі де жетіп жатыр. Бірақта сол пікір айтушылары құқық қорғаушылар мен Кремль тарапынан тыйым мен жазаның берілгенін естімедік. Путин де, Жириновский де, қала берді Лимоновта кешегі Кеңестік державаның қолдаушылары. Бірақ бүгінгі Лимоновтың мәлімдемесі тіптен шектен шықты. Біз қазақ халқы Ресей Федерациясы тарапынан Лимонов мырзаға қылмыстық іс жүргізіп, ресей құқық қорғау органдары шара қолдану керек дейміз. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының СІМ қатаң бақылауға алу керек. Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің территориялық тұтастығын күшпен бұзуға шақыратын әрекеттер заңмен қудаланылады делінген. Бұған көз жұма қарауға болмайды. Кешегі АҚШ, Англия Конституциясы қазақ жастарының болмашы әркеттерінің өзіне сот алдында жауапқа тартып жатқан да, нағыз араңдатушылық әрекетке барған Лимонов мырза заң алдында жауапты. Біздің, айтпағымыз, Тәшенов бермеген жерді, Лимонов мырза ала алам деп ойлама? «Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді. Бір Лимоновтың пікірі, бүкіл Ресей халқына деген көңілді қалдырды.
P.S. Оян, қазақ! Лимоновтың сандырағы енді есімізіді жидырар. Жуастығымызды пайдаланып айтылып жатқан пікірлер шектен шықты. Өзіміздің ішіміздегі орыс ағайындарға әдеттегідей үнсіз болғанды, қояйық. Руға, жүзге бөлінуді ойлап жүргенде, басымыз бөгде біреудің яғының астында қалмасын. Қазаққа ұлттық идея керек. Жетімдіктің тұсауында жүрген солтүстік пен шығыс және де орталық облыстарымыздағы қала мен көше атауларын қазақшаландырайық. Мемлекеттік тілімізді мәртебелі етейік. Енді оған, көз жұма қарап, отырудың еш қажеті жоқ. Доспыз дегендердің сандырағын естідіңдер! Лимонов мырза айтқандай: «біздің орыстардың қалаларын Ресейге қайтып алу керек» деп орысша атаулы аймақтар олардың меншігі көрінеді. Түбі бұл аймақтар қазақшаланбайтын болса, тағы бір лимоновтардың айтары анық. Ендеше уақыт оздырмай, жоғарыдағы ұлт жанды ағаларымыз, біздегі ұлтшыл орыстардың пайдасын ойламай, қазақ ұлтшылдарының пайдасына көңіл аударсын. Құтырған орыс, құтыра берері анық. Қазақшаландыру науқаның бүгіннен бастайық. Кешегі Дзержинский мен Мирзоян, Голошекин мен Ленин көшелері мен ескерткіштері асқақтайтын уақыт кетті. Қазаққа Алаш арыстары – Әлихан, Ахмет, Әлімхан, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбектердің, Кенесары мен Абылай хандардың, Абай мен Шоқанның атауы бар көшелер, ескерткіштер сап түзеуі керек. Бұл тұлғалар арқылы жүзеге асатын феномен ұлттық идеяға апарады. Сонда ғана біз Германия мен Жапония сияқты ұлттық болмысымызды жаңғыртқан елге айналамыз.



