Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Германияның астанасы Берлинде Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығын атап өту көзделіп отыр
Жаңалықтар

Германияның астанасы Берлинде Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығын атап өту көзделіп отыр

28/02/20140

АСТАНА. 27 ақпан. BAQ.KZ – Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы биылғы жылдың 6-8 маусымында Германияның астанасы Берлинде өтеді. Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясының (FEKA) қолдауымен Берлин Қазақ қоғамы тарапынан ұйымдастырылатын көлемді шараға Еуропаның түрлі елдерінен 1500-ге жуық қандасымыз қатысады деп күтілуде,-деп хабарлайды BAQ.KZ AA тілшісі.  

FEKA-ның баспасөз қызметінен ұғысуымызша қазіргі кезде Еуропа қазақтарының Берлинде өтетін құрылтайының дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыпты. Берлин Қазақ қоғамы құрылтай бағдарламасын да дайындап қойған.
«Биыл Берлинде өтетін қазақ құрылтайының бұрынғылармен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеліктері бар. Біз бағдарлама жасауда «Құрылтай тойланатын емес, ойланатын жер» дегенге көбірек көңіл бөлдік. Айталық, құрылтай аясында өтетін Халықаралық дөңгелек үстелде ең алдымен Еуропадағы қазақ диаспорасының ана тілге, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің сақталуына қатысты дөп келіп отырған қиындықтар талқыланып, оларды ретке келтірудің жолдарын қарастыру мақсат етілсе, екінші жағынан Ер Жәнібек батырдың 300 жылдығын атап өту көзделіп отыр. Бұған қоса құрылтай бағдарламасының басымдығын жастар жағына да аудара отырып, «Қазақша білесің бе?» атты білім сайысын өткізбекпіз. Ондағы мақсат – Еуропадағы қазақ жастары арасында ана тілді насихаттап, оған деген қызығушылықты арттыру болып отыр»,-дейді Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясының (FEKA) төрағасы Абдұлқаюм Кесижи.
Ал, құрылтай аясында өтетін спорттық шаралардың басында Еуропа қазақ жастарынан құрам тапқан 10 команданың қатысуымен өтетін футбол турнирі тұр. Соған қоса, Қазақ күресі, асық ойыны мен тоғыз құмалақ та құрылтайдың маңызын арттыра түспек. Қазақстан Күрес федерациясымен бірге ұйымдастырылатын Қазақша күрес сайысында кәсіби палуандармен қоса әуесқой спортшылар да белдесетін болады.
Құрылтайдың ұлттық спорт ойындарымен де ерекшеленуінің себебіне тоқталған FEKA төрағасы Абдұлқаюм Кесижи былай деді: «Қазақтың ұлттық спорт ойындарын құрылтай бағдарламасына енгізудің өзіндік мәні мен мақсаты бар. Бұлар арқылы жастарды қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыру және олардың атажұрт-Қазақстанмен болған байланысын нығайту көзделіп отыр».
Еуропа қазақтары бас қосатын Берлиндегі құрылтайға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері, Қазақ елінің қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары және БАҚ өкілдерінен құрам тапқан үлкен делегация қатысады деп күтілуде. Бұдан басқа құрылтайға Еуропадан тысқары жерлерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері де қатыспақ.
Айта кетейік, Еуропаның әр елінде бытырай қоныстанған қазақтардың басын қосу, соның ішінде қазақ жастарының ана тілі, ұлттық дәстүрін сақтауына және өзара қарым-қатынастарын нығайтуына жол ашу үшін ұйымдастырылып келе жатқан құрылтай ең алғаш рет 2002 жылы Германияның Кельн қаласында өткен болатын.
Майгүл СҰЛТАН

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖат жұрттағы ағайынға хат
Next Article «ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚОРҒАУ – БАРШАМЫЗДЫҢ БОРЫШЫМЫЗ»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.