Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қазақстандықтардың 21%-ң жинақ ақшасы девальвация әсерінен зиян шекті
Қоғам

Қазақстандықтардың 21%-ң жинақ ақшасы девальвация әсерінен зиян шекті

12/03/20140
Қазақстандықтардың 21%-ң жинақ ақшасы девальвация әсерінен зиян шекті
MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында тұрғындардың девальвацияға көзқарасы мен девальвацияның тигізген әсерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 70% әйелдер мен 30% ер адамдар жауап берді.

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама

 Қазақстандықтардың 21%-ң жинақ ақшасы девальвация әсерінен зиян шекті

2014 жылдың ақпан айында болған девальвация қазақстандықтардың бестен бір бөлігінің жинақ ақшасына айтарлықтай кері әсер етті. Сонымен қатар, 14%-ң жинақ ақшасы аз ғана суммаға зиян шекті. 

Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбінің (54%) жинақ ақшасы болмағандықтан, ешқандай өзгеріс байқалмады. Ал жауап берушілердің 6%-ң ақшасы шет ел валютасымен сақталғандықтан зиян шекпеді.  Ал қалған жауап берушілер үшін (5%) девальвацияның тигізген әсерін бағалау қиын болды. 

Сауалнама нәтижесі девальвацияның салдарынан туындаған тауарлар бағасының өсуі жеке/отбасылық бюджетке тікелей әсер еткендігін көрсетті. Сол себепті, респонденттердің 32%-ы тамақтануға жұмсалатын шығынын, 10%-ы киім алуға жұмсалатын қаржысын қысқартқан. Ал сауалнамаға қатысушылардың 8%-ы тұрмыстық техника сатып алуды уақытша тоқтатса, 18%-ы пәтер немесе көлік сатып алуды кейінге қалдырған. Ал сұрақтарға жауап берген қазақстандықтардың 2,5%-ы балалардың оқуына жұмсалатын шығынды қысқарттық деп жауап берді. 

Респонденттердің оннан бірінен көбі девальвация салдарынан туындаған бағаның өсуі барлық нәрседен үнемдеуе мәжбүрлейді деп жауап берді. Ал девальвация 19% қазақстандықтардың   бюджеттеріне де өмірлеріне, де ешқандай әсер етпеген.

Сауалнама жүргізу барысында қатысушыларға девальвация әсерінен туындаған қаржылық шығынның орнын қалай толтырасыз деген сұрақ қойылды. Үштен бір бөлігі, нақты айтсақ 36%-ы, ештеңені өзгертпеймін деп жауап берді. Ал қатысушылардың 31%-ы қаржылық шығынның орнын толтыру үшін жұмыс берушілерге жалақыны көтеруге өтініш білдіремін деді. Ал 15%-ы жалақысы жоғары жұмыс қарастырамын деп жауап берді.

Сауалнамаға қатысушылардың 7%-ы ұзақ уақытқа арналған жалақысы жоғары жұмыс іздеуге ниетті екен. Бірақ ол үшін жалақысы жоғары жұмысқа қажетті іскерлік дағдыларды оқимын дейді. Ал, бұл сұраққа жауап беруге қиналамын деген респонденттер 11% болды.

Девальвация қазақстандықардың болашақ жинақ ақшаларын жоспарлауға да әсер етті. Олардың 25%-ы жинақ ақшам жоқ, болашақта та болуы екіталай деп жауап берді.

 Бестен бір бөлігі (20%) болашақта ақшаларын АҚШ долларымен сақтаймыз дейді. Ал 23%-ға жуығы қаржысын аралас: бір бөлігін теңге, бір бөлігін доллар, бір бөлігін еуромен сақтамақшы. Ал 3,5%-ы ақшаны тек еуромен сақтаған дұрыс дейді. Респонденттердің 18%-ы ешқандай қаржылық қауіптерге қарамастан, ұлттық валюта теңгеге сенім білдіреді. Ал оннан бір бөлігі бұл сұраққа байланысты көзқарастарын білдіруге дайын емес.

 
Қалған 0,5%-ы жинақтарын алтын, акция, тіпті алмаз күйінде сақтауды дұрыс деп есептейді.


Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТҮРКІ РУХАНИЯТЫН БІРІКТІРЕР ТУРА ЖОЛ
Next Article Украина әскерінің әзірлігі

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.