Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Мұхтар Мағауин (1940 ж.)
Тағылым

Мұхтар Мағауин (1940 ж.)

21/08/20130

Магауин Мухтар (1940 г.)

Дүниеге келгені: 1940 ақпан

Семей облысы, Шүбартау ауданы

Мансабы: жазушы

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында, «Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген

  • «Ақша қар» (1969);
  • «Бір атаның балалары» (1973);
  • «Қияндағы қыстау» (1977);
  • «Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;
  • «Көк мұнар» (1971);
  • «Шақан шері» (1984).

романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады. Ол

  • «Алдаспан»;
  • «Бес ғасыр жырлайды»;
  • «Ай, заман-ай, заман-ай».

атты ақын-жыраулар шығармаларының антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды.

  • «Ғасырлар бедері»;
  • «Қазақ тарихының әліппесі».

зерттеу еңбектері қазақ тарихының 500 жылдық кезеңін қамтиды. Мағауин «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” (1992) оқулығы мен хрестоматиясының (1993), т. б. оқу құралдарының авторы. Қаламгер шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылған. Ол «Түркі дүниесіне қызмет” халықаралық сыйлық лауреаты (1997).

Өмірбаяны

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шүбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967–1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институтында қазак фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекңиялық курстар жүргізді. 1983–1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984–1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988 жылдан бері «Жүлдыз» журналының бас редакторы.

Шығармалары

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бүдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. «Көкмүнар» (роман, 1972), «Бір атаның балалары», «Кок мүнар» (повестер мен әңгімелер), «Аласапыран» (тарихи роман-дилогия, 1980–1982), «Шақан Шері» (роман), «Мен» (ғүмырбаяндық роман-хамса), «Қүмырсқа-қырғын» (әңгімелер), «Үлтсыздану үраны» (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Мүхтар Мағауинның шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа үмтылғанын байқау қиын емес. Шығармаларында қайталану жоқ, әсіресе соңғы жылдары бүрынғы дүниелеріне мүлдем үқсамайтын, қурылымы жағынан өзгеше шығармалары «қыпшақаруың», «қүмырсқа қыргын». Жакын арада Чехия Республикасынан жарық көрген «Жармақ» — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне қүрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының сахибы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШақантай батыр Жауғашарұлы (1706-1793)
Next Article Бар үмітім, атамекен қасиетті қазақ елінің атқа мінер азаматарында!

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.