Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Қанапия Темірболатұлы Телжанов
Тұлғалар

Қанапия Темірболатұлы Телжанов

21/08/20130
Қанапия Темірболатұлы Телжанов

Қанапия Темірболатұлы Телжанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Телжанов Қанапия Темірболатұлы (1927 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Уалиханов ауданы) ) – кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967), Халықаралық жоғары мектебі ҒА-ның құрметті (1995) және ҚР ҰҒА-ның (2003) академигі. Әкесі Т.Телжанов белгілі қоғам қайраткері. Суретшілік өнерге деген қабілет-икемі бойынан ерте байқалған Телжанов 1937 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды. 1941 – 44 жылы эвакуациямен Ресейдегі Киров облысының Халтурин ауданындағы Русаново селосында тұрды. 1947 жылы Алматы көркемсурет училещесін (педагогы Л.П. Леонтьев), ал 1953 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербургтің) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (академик М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген. 1953 – 1958 жылы Алматы театр-көркемсурет училещесінде ұстаз, 1964 – 1968 жылы Қазақстан Суретшілер одағы Басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964 – 1986) болды. 1973 – 1986 жылы Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі ҚР Мемлекеттік өнер музейі) директоры. 1978 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында пед. қызметпен айналысты: бейнелеу өнері (1978 – 1993), одан кейін академ. кескіндеме (1993 – 2000, Қазақтың мемлекеттік көркемсурет академиясында, 2000 жылдан – Қазақ ұлттық өнер академиясында) кафедраларының меңгерушісі; 1981 жылдан профессор. Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы – “Жамал” картинасы (1955, Мәскеу, Третьяков галереясы) арқылы одаққа танылды. Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген “Еңбек адамдары” атты топтамасына (“Атамекен”, “Домбыра әуендері”, екеуі де 1958; “Көкпар”, 1960; “Тыныштық” 1964; “Кеңес”, 1966) 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл. берілді. Төңкеріс тақырыбындағы монументті полотнолардың “Қазақстан 1918 жылдары” (1957), “Революция күзетінде” (1980 – 81), “Бастау” (1967), “Қазан” (1970), “Бозаралдықтар” (1972) атты триптихтердің, тұрмыстық (“Бүркіт салу”, 1964; “Қыз қуу”, 1966) және ұлттық (“Абылай”, “Бостандық үшін”, 1990) тақырыптағы еңбектердің авторы. Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне (“Yйде”, 1965) алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер. Телжановтың “Алғашқы рет” (1954), “Қарлығаш” (1958), “Күн сәулелі өлкеде” (1960), “Жеңіс” (1975, “Төңкеріс күзетінде – 11” (1988), т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады. Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер (“Венеция” графикалық топтамасы, 1961) жасаған. Әскери жанрдағы еңбектері үшін 1968 жылы М.Б. Греков атындағы күміс медальға ие болған. Телжанов “Қазақстанның бейнелеу өнері” (М., 1974; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және “Қазақ КСР-інің мемлекеттік өнер музейі” (А., 1981; қазақ, орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде) альбомдарын құрастырып, алғы сөзін жазды. 1949 жылдан Телжанов шығармалары респ., бұрынғы ТМД елдерімен қатар халықаралық көркемсурет көрмелерінде (Венгрия, (Венгрия, Финляндия, ГДР, Үндістан, Чехословакия, Румыния, Югославия, Польша, Бельгия, Цейлон, Бирма, Швеция, Дания, Ауғанстан, Моңғолия, Канада, Мексика, т.б.) қойылған. Телжановтың картиналары Қазақстанның (негізінен Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде), Ресейдің (Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында) мұражайларында және шетелдердегі жекеменшік галереялар қорында (АҚШ, Қытай, Жапония, т.б.) сақтаулы. ҚР Үкіметі жанындағы бейнелеу және сәулет өнері саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің (1962 жылдан), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет пен өнер саласы бойынша Лениндік сыйлықты тағайындау жөніндегі комитетінің (1964 – 1968) және Дүние жүзі мұражайлары халықаралық кеңесінің (1982, Мәскеу қаласы) мүшесі болды. 6 – 7-сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. “Отан”, “Парасат”, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ қалай арақ ішті?
Next Article ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.