Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қазақ қалай арақ ішті?
Қоғам

Қазақ қалай арақ ішті?

21/08/20130
Қазақ қалай арақ ішті? 11.08.2013, 00:45 | 5 просмотров Araq-icmeyen Жазыла-жазыла жауыр болған тақырып болса да, біз де бұл тақырыпқа өз әлімізше қалам сілтегенді жөн көрдік. Өйткені, кешегі Кеңестік қоғамнан «еншіге» қалған бүгінгі қоғамның айықпас дерті – ішімдік, алкоголизм. Ол өз кезегінде отбасы деген кішігірім мемлекеттің шырқын бұзып, шаңырағын ортасына түсіруге дәрмені жетеді. Алкоголизмнің адам денсаулығына тигізетін зиянын айтпағанда, отбасы үшін келтірер залалы көп. Араққа сылқия тойып, екі аяғын әзер басып үйіне енген отағасын, әкесін, яки ағасын отбасы мүшелері жақтыра қоймасы белгілі. Содан барып, ұрыс, жанжал шығып, отбасының берекесі бұзылады. Осыдан келіп, қоғамдық проблема туындайды. Ендеше, бұл проблеманың шығу тетігі мен шешілу жолдарын қарастырып көрейік. Зерттеп-зерделей келе, маскүнемдікке шалдығудың үш себебін анықтадық. Статистика бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандар саны жарты миллионды төңіректепті. Оның ішінде жастармен бірге орта буынның да үлесі басым. Оған себеп: Біріншіден, кеңестік идеологияның жазылмаған заңдары. «Қалайша?» деп көзіңізді бақырайтпаңыз, қылышынан қан тамған сол қоғамның кесірі бүгінгі орта буынның өзін араққа тәуелді еткенін жасырмауымыз керек. Олай деуге толық негіз бар. Өйткені, адам өліп, жаназа шығарса да, арағын ауызына алатын орыс халқының менталитеті қазаққа сіңіңкіреп қалды. Қазақ адам өлгенде арақ ішпесе де, басқа кезде арақсыз болмайтын-ды. Бұл бір, екіншіден Кеңестік идеологияның зұлымдығы сол, қарамағындағы қалың бұқараның көзін ашып, оқытып-тоқытуға құлықты болған жоқ. Олар үшін халықтың арағын ішіп, қойын бағып немесе колхозда қара шаруамен таңды атырып, кешті батырып жүре беруі тиімдірек болды. Бір сөзбен айтқанда, халықты тобырға айналдырды. Халық өзінің жеке пікірін ашық айтуға өлердей қорықты. Өйткені, сұрқия саясат оған жар бермейтін-ді. Араққа тәуелділікті нығайтқан үшінші фактор – Семей полигоны тұсында, онан кейін де «Мас адамға атомың түк те қылмайды» деп халықты жаппай ішкіш қылған Кеңес Үкіметінің жандайшаптарының бірі Ильенко Аркадий Данилыч болыпты. Сол жылдардан кейін қазақтың қариясына дейін арақ ішіпті. М. Әуезов атындағы драма театр сахнасынан қойылып жүретін Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» атты драмасындағы Қарауыл жұртының жаппай арақты сылқита беретін эпизодын еске түсіріңізші… Екіншіден, араққа тәуелді болуға отбасындағы әлеуметтік жағдайдың мәз еместігі де себеп болса керек. Психолог мамандардың пікірінше, отбасындағы материалдық жетіспеушілік, жоқшылық адамның санасын кеміріп, жүйкесін жұқартып қоятын дерт екен. Сол дертке шалдыққандар «ауруын» арақпен басуға мәжбүр болатын көрінеді. Өйткені, адам шөлмек шырмауына түскенде басындағы барша проблемасын ұмытып, белгісіз бір әлемге еніп кетеді. Сондықтан, ішкі күйікті арақпен басып жүргендер саны да көп. Сондай-ақ, бұл факторға бүгінгі ауыл баалсының жұмыссыз сенделіп жүргені де себеп бола алады. Үшіншіден, адамда рухани дағдарыс болады. Ол әр адамда әр түрлі болатын құбылыс. Мысалы, өнер жолындағы адамның рухани дағдарысы шабытының мұқалуы, шоқтығы биік туындылардың дүниеге келмей, шығармашылығының тоқырауы болуы мүмкін. Осы орайда, Оралхан Бөкейдің «Атау-кересіндегі» Тағанның болмысы мен тағдырын еске түсіріңізші? Ал қарапайым адам басындағы рухани дағдарыс мүлде басқаша. Мәселенки, адам өз ортасынан бөлініп қалса, өмірдегі қызығынан ажырап қалған сияқты сезімдерді бастан кешсе, жақын адамдарының оған селқос қарауы немесе адамның діттеген мақсатына жете алмай, санын соғып қалуы, тағысын тағылардың бәрі рухани дағдарысқа әкеп соғады. Осындай сәтте адам ішімдікке, басқа да зиянды әрекеттерге бой алдыруы әбден мүмкін. Міне, біз анықтаған үш фактордың шешілу жолы айтпаса да түсінікті шығар. Бірінші фактордан арылу үшін құлдық санадан тазарып, өз болмысымызды тануға талпынуымыз керек. Екінші себептің шешілу жолы — әлеуметтік жағдайды барынша жасауға тырысу, ал жасалмаған жағдайда рухты берік ұстау ләзім. Ол үшін білім мен ғылымды сүюіміз керек. Үшінші критерийді жою үшін халықтың иманын күшейтуіміз керек болады. Халықтың иманы қайтсе күшейеді? Оқу-білімге көңіл бөлініп, отбасындағы тәрбиеге әр отбасы жауапкершілікпен қараса күшейеді. Шынаргүл Оңашыбай

Araq-icmeyen

Жазыла-жазыла жауыр болған тақырып болса да, біз де бұл тақырыпқа өз әлімізше қалам сілтегенді жөн көрдік. Өйткені, кешегі Кеңестік қоғамнан «еншіге» қалған бүгінгі қоғамның айықпас дерті – ішімдік, алкоголизм. Ол өз кезегінде отбасы деген кішігірім мемлекеттің шырқын бұзып, шаңырағын ортасына түсіруге дәрмені жетеді. Алкоголизмнің адам денсаулығына тигізетін зиянын айтпағанда, отбасы үшін келтірер залалы көп. Араққа сылқия тойып, екі аяғын әзер басып үйіне енген отағасын, әкесін, яки ағасын отбасы мүшелері жақтыра қоймасы белгілі. Содан барып, ұрыс, жанжал шығып, отбасының берекесі бұзылады. Осыдан келіп, қоғамдық проблема туындайды. Ендеше, бұл проблеманың шығу тетігі мен шешілу жолдарын қарастырып көрейік. Зерттеп-зерделей келе, маскүнемдікке шалдығудың үш себебін анықтадық.

Статистика бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандар саны жарты миллионды төңіректепті. Оның ішінде жастармен бірге орта буынның да үлесі басым. Оған себеп:

Біріншіден, кеңестік идеологияның жазылмаған заңдары. «Қалайша?» деп көзіңізді бақырайтпаңыз, қылышынан қан тамған сол қоғамның кесірі бүгінгі орта буынның өзін араққа тәуелді еткенін жасырмауымыз керек. Олай деуге толық негіз бар. Өйткені, адам өліп, жаназа шығарса да, арағын ауызына алатын орыс халқының менталитеті қазаққа сіңіңкіреп қалды. Қазақ адам өлгенде арақ ішпесе де, басқа кезде арақсыз болмайтын-ды. Бұл бір, екіншіден Кеңестік идеологияның зұлымдығы сол, қарамағындағы қалың бұқараның көзін ашып, оқытып-тоқытуға құлықты болған жоқ. Олар үшін халықтың арағын ішіп, қойын бағып немесе колхозда қара шаруамен таңды атырып, кешті батырып жүре беруі тиімдірек болды. Бір сөзбен айтқанда, халықты тобырға айналдырды. Халық өзінің жеке пікірін ашық айтуға өлердей қорықты. Өйткені, сұрқия саясат оған жар бермейтін-ді. Араққа тәуелділікті нығайтқан үшінші фактор – Семей полигоны тұсында, онан кейін де «Мас адамға атомың түк те қылмайды» деп халықты жаппай ішкіш қылған Кеңес Үкіметінің жандайшаптарының бірі Ильенко Аркадий Данилыч болыпты.  Сол жылдардан кейін қазақтың қариясына дейін арақ ішіпті. М. Әуезов атындағы драма театр сахнасынан қойылып жүретін Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» атты драмасындағы Қарауыл жұртының жаппай арақты сылқита беретін эпизодын еске түсіріңізші…

Екіншіден,  араққа тәуелді болуға отбасындағы әлеуметтік жағдайдың мәз еместігі де себеп болса керек. Психолог мамандардың пікірінше, отбасындағы материалдық жетіспеушілік, жоқшылық адамның санасын кеміріп, жүйкесін жұқартып қоятын дерт екен. Сол дертке шалдыққандар «ауруын» арақпен басуға мәжбүр болатын көрінеді. Өйткені, адам шөлмек шырмауына түскенде басындағы барша проблемасын ұмытып, белгісіз бір әлемге еніп кетеді. Сондықтан, ішкі күйікті арақпен басып жүргендер саны да көп. Сондай-ақ, бұл факторға бүгінгі ауыл баалсының жұмыссыз сенделіп жүргені де себеп бола алады.

Үшіншіден,  адамда рухани дағдарыс болады. Ол әр адамда әр түрлі болатын құбылыс. Мысалы, өнер жолындағы адамның рухани дағдарысы шабытының мұқалуы, шоқтығы биік туындылардың дүниеге келмей, шығармашылығының тоқырауы болуы мүмкін. Осы орайда, Оралхан Бөкейдің «Атау-кересіндегі» Тағанның болмысы мен тағдырын еске түсіріңізші? Ал қарапайым адам басындағы рухани дағдарыс мүлде басқаша. Мәселенки, адам өз ортасынан бөлініп қалса, өмірдегі қызығынан ажырап қалған сияқты сезімдерді бастан кешсе, жақын адамдарының оған селқос қарауы немесе адамның діттеген мақсатына жете алмай, санын соғып қалуы, тағысын тағылардың бәрі рухани дағдарысқа әкеп соғады. Осындай сәтте адам ішімдікке, басқа да зиянды әрекеттерге бой алдыруы әбден мүмкін.

Міне, біз анықтаған үш фактордың шешілу жолы айтпаса да түсінікті шығар. Бірінші фактордан арылу үшін құлдық санадан тазарып, өз болмысымызды тануға талпынуымыз керек. Екінші себептің шешілу жолы — әлеуметтік жағдайды барынша жасауға тырысу, ал жасалмаған жағдайда рухты берік ұстау ләзім. Ол үшін білім мен ғылымды сүюіміз керек. Үшінші критерийді жою үшін халықтың иманын күшейтуіміз керек болады. Халықтың иманы қайтсе күшейеді? Оқу-білімге көңіл бөлініп, отбасындағы тәрбиеге әр отбасы жауапкершілікпен қараса күшейеді.

Шынаргүл Оңашыбай

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘлдиден эпосқа дейін
Next Article Қанапия Темірболатұлы Телжанов

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.