Ізғұтты батыр ертіс бойы, яғни қазіргі «Қуертіс» қалашығы отырған жерде доржы деген Моңғұл азаматымен тамыр болып, оның тойына бір жолда елу өгіз айдап әкелсе, «қада» мерекелеріне азаматтарын бастап барып сауық — сайран салып, өз өнерлерін көрсетіп, доржының іші — бауырына ене жүріп, онымен достасады. Бір жолы доржы Ізғұттының талай той — томалақтарда бәйгенің алдын бермей жүрген ала байрақ атына көзі түсіп: «не қаласаң да берейін» деп атын сұрайды. Ізғұтты тамырының көңілін қайтарғысы келмей әрі талайдан өзінің де көкейінде жүрген мынау шырылдақ су ағып жатқан тоғаны бар, аяғындағы жазыққа кепештеп тары шашып болсада өзінің соңынан ерген шақабай руын қоныстандырса, әжептәуір тіршілік етуге болатын өңір екенін аңғарып, «қолыңды тартпайын, тамыр» дейді. Сонда доржы «не сұрайсың?» деп қадағалай берген соң Ізғұтты: «артымнан ерген бір топ кедейім бар еді, мынау шырылдақ су ағып жатқан тоғаныңды бер, аяғына кедейлеріме егін салдырып, жанын бақтыртайын» деп өтінеді. Бұған доржы да мақұл болыпты. Әне сол тоғанды «Ізғұтты тоғаны», «кары тоған» атасып келеді. Кейін кеншен көлемін кеңейтіп, басынан көмей алып, аяғын сарбасқа дейін созып, «кеншен тоғаны» деп атандырған (бұл қазіргі ертіс қалашығының ортасында ағып жатқан үлкен тоғанды айтады) .?
Осы Ізғұтты Өралтайға келіп, елдің қонысын кеңейтіп, байлығын арттырып, бақытын шалқытуға қан — тер болып, ақылмен де айламен де елінің қормалы болады. Әсіресе, Ізғұтты Өралтайға келген елдің өлі — тырысымен қақысы болмай, қайта ел батырларын Моңғұлға айдап салып, мал қудырып, берекені кетіріп, тыныштықты бұзған ажының қылығына қатты кектеніп, ажымен талай алысты. Тіпті, «шолтақтың асында» бегеннің құлынынан жоғалған көк жүйрікті танығандығы үшін ажы жаңжал шығарып, бегенді сойылған жыққандықтан, Ізғұтты ажыны қуа барып, мұқыртай деген жерде сақалын күзегенге дейін жетті. Осылайша ержүрек батыр, ақылгой дана батыр ақыры Өралтайді Моңғұлдан (ол кезде Алтай қалқаның басқаруында болған) жер меншігі қағазын, басқару билігін алып, еліне жайлы қоныс табу жолында қаратер болып жүріп, ажының айласынан аса алмай қалқа жағынан басы алынады, қабыры қазіргі Моңғұлия жерінде яғыни «құм асу» жайлауының ар жағындағы қарабас ағаштың түбінде.
Байахмет Жұмабайұлы
k erey.kz



