
Мошқа әулие (Сүйінбәй жәнтекей, самырат елінен) меркіттің бес азаматын арнайы қонаққа шақырып, «менен көп бұрын жасаған меркіт елінің қариясы Әлім бір асу жасаған болатын, ол адам өзімді шақырып алып:‹сендер күн шығыс жаққа жол алыңдар› деп арыз — арманын айтыпты, ـــ дейді Тұрымтай.
Бір жылдың алдында керей ішіндегі жараспастықтан сәменбет атаның ауылынан Барқы, Түкібәй елінен жиырмаға жуық түтін ауған, осы ауыл ішінде әкемнің ағасы Жанбай балалары кеткен.
Жанбай үш жылдың алдында маңырақта дүние салады, ауып барған ел сауыр, сайқан мен қытай жеріндегі сауырдың ақ мұздығында екен. Бұл жер қазір торғауыт ішінде аз ғана ауыл болып, жер кең, иен жатыр екен. Торғауыт елінің көбі сол ақмұздақтың ар жағында екен, өзім бір жетінің алдында барып қайттым. Онда торғауыттың Соян, Орсақ, Қарсақ рулары бар екен. Бұл жер алдыңғы барған Барқы руына қарап тұр екен. Бұлар жер майына 80 бас жылқы береді екен, сондықтан, сол жаққа бізде барсақ, орыс қаптап келе жатқан бұл жақтың бізге қоныс болуы екіталай, ـــ дейді.
Бесік осы созбен сауырға жер шалып келсе, онда Жәнібек елі ішіндегі өтейдің баласы сәрсеке бай, тінібек бидің ауылы, сауыр тұмсығындағы бұлғын торғауытымен тамыр болған ақ тоғанақ сияқты байлар бар екен.
Осы жолы бесік атамыз сауырға келіп, нәкуді (нәркес бүркітбәй ұлы, ителі руынан) арғы бетке жібереді, ол торғауыттан туған жиен болатын, нәркес оларға «бесік көкше ұлының келетінін» хабарлайды. Ақтоғанақ байдан үш қысырақ жылқы, сәрсеке байдан үш қысырақ жылқы, барқы, түкібәй елінен бес жүз бас ақсарбас қой айдап, Байынкүшік (Моңғұл) бір киіз үй жасатып, ақ жамбы, ақ нарды қоса беріп, осы қара сауырды шыбар керейге құтты мекен еткен.
Осы жолы торғауыттар бесікке елік мүйізінен ойып жасалған мөр беріп, түйе табанындай қатире ұстатып, «1754 ـــ 1755 — жылдары сауыр мұздағының шығыс сауыр тұмсығы, жазық көлдің жарымы (Үліңгір) батыс кіші ласты (Сартоғай өзені) Сартоғай дарасы, сәрсеке дарасы, орта қапшағай, майлыбай ұлының тауы, аяғы шашақты құм, құнан қой қатарлы өңірлерге дейін бесік атамызға бөліп берген екен. «берерін беріп, бесік алған қара сауыр» деген сөз осыдан қалған…» .
Жеменей ауданы тарихи материалдар кітәбі
ـــ Қасым чоң естелігінен
Байахмет Жұмабайұлы


