Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандарға қатысты заңды тезірек қабылдауды сұрайды
Қоғам

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандарға қатысты заңды тезірек қабылдауды сұрайды

21/05/20140
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандарға қатысты заңды тезірек қабылдауды сұрайды

  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандарға қатысты заңды тезірек қабылдауды сұрайдыМәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары Талғат Мамашев оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуді сұрады, деп хабарлайды Тенгриньюс тілшісі.

«Парламент оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуі керек. Өткен жолы Ресей Қырымдағы жағдай аясында азаматтық алуға қатысты заңды бір күннің ішінде қабылдады. Соған орай, өтініш берген адам бір күннің ішінде Ресей азаматтығын ала алады. Бұл біз үшін де аса қажет тәжірибе. Өйткені, Қазақстанның көші-қон туралы заңнамасын өзгерту ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Қазрдің өзінде заң жобасы шілдеде Үкімкетке ұсынылып, оны қабылдау келер жылға қалатыны туралы айтылып жүр», — деді Талғат Мамашев ішкі және сыртқы көші қон проблемалары талқыланған Мәжілістегі отырыста.

«Мәжіліс депутаттарынан сұрарым, осы заң жобасын тездетейік. Кезінде оралмандар азаматтығына кедергі жасайтын заңды бір ғана күннің ішінде қабылдадыңыздар ғой, ендеше сондағы олқылықты түзетуді де бір айдан асырмасақ екен», — деген тілегін білдірді қауымдастық Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, сөз арасында Талғат Мамашев бұған дейінгі оралмандар азаматтығына қатысты қабылданған заң бойынша Парламент депутаттарына өз ренішін де айтып қалды. Оның айтуынша, көші-қон саласында әсіресе этникалық қандастардың отанына оралу мәселесінде кемшіліктер болды. «Алайда, Президенттің осы кемшіліктерді орнына қойыңдар деген тапсырмасын біздің кейбір органдағы ағайындар көші-қонды біржолата тоқтатуға дейін барып отыр. Соның ішінде, шетелдегі біраз ағайындардың Парламенттегі депутаттарға да өкпесі қара қазандай. Бұл мәселемен экономика министрі депутаттар алдына келгенде, бір де бір депутат «бұл қалай?»  деп сұрамады», — деген ренішін де алға тартты Т. Мамашев.

Сонымен қатар, оралмандар азаматтығына қатысты мәселеге келгенде қауымдастық өкілі бірқатар ұсыныстарды да алға тартты. Оның айтуынша, қазір келіп жатқан оралмандарды қинап жүрген — көші-қон полициясы.

«Шеттен келетіндер үшін кедергілер болғанына қарамастан Атажұртына асығатындар баршылық. Ал солардың өзіне түрлі анықтамаларды үйіп-төгіп сандалтудың қажеті қанша? Қытайдан сотталмағаның туралы анықтама әкел, тұрғылықты орыннан есептен шыққаның туралы анықтама керек деген секілді ақымақ талаптарды қойып, қандастарды жылатып жатыр. Ал ондай талап ешбір заңда көрсетілмеген. Мұны тоқтатуымыз керек», — деді Т. Мамашев.

Автор: Қанат Тоқабаев

tengrinews.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКөгедай Шәмерхан. Әжемнің жанары талған да шығар…
Next Article Шеттен келген қандастарды шетке қақпайық!

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.