Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қазақ шежіресі»Руың кім, бауырым?
Қазақ шежіресі

Руың кім, бауырым?

22/05/20140
Тоқтар Жақаш

Тоқтар Жақаш

Тоқтар Жақаш
   Осы сұрақты естімеген қазақ жоқ шығар, әсте. Әрине, жеті атаға дейінгі ет жақын туыстарды білуіміз керек. Қан тазалығы деген тағы бар. Мен Үш жүздің баласы бірдей өрген Созақ ауданында туып өстім. Бірақ ру-ру боп жікке бөлініп жатқан кезін көрген емеспін. Жақсылық пен жамандықта бір үйдің баласындай араластық. Қазір ойлап отырсам — Есенгелді тама, Сәтбек найман, Талғат жиенбет, Бүркіт тутамғалы, Пазылбек төре, Самат сүлгетай, Роман уақ, Жұлдыз қалмақ, Әбәди қырғыз, Әуезхан өзбек… боп кете береді. Бірақ Құдайы ас бергенде, Ауызашар жасағанда, келін түскенде,өлім-жітімде осы көршінің біреуі бөтендік танытқан емес. Біреуі етті жайғап, біреуі қазанға ие боп, біреуі құдамызды шақырысып, ішек-қарындай араласып жатушы еді. Той-томалақты былай қойып, бәріміздің әжелеріміз өткен-кеткенді айта отырып, кешкі асты бір үйде ішетін. Алда-жалда тойбастарды біреу туысына айтқызса тәп-тәуір ренжіп қалатын. Бірақ ол да ұзаққа бармайды. Қайтадан шүйіркелесіп кететін. Ең қызығы — сәресі болатын. Біз де әжелерімізбен таласа тұрып, талқан мен май сөкке қарық болатынбыз. Шал-шауқандар тілімізді қызықтап, руымызды, аталарымызды сұрайтын. Ол да жақсы өнеге екен. Шыққан тегімізді білдік. Бірақ бір партада он жыл отырған кластасымыздың қандай рудан екенін білмедік. Бір қыз ұнай қалса, үлкендер жағы «болады» немесе «ой, ол румен қыз алыспаймыз» деп жататын. Жөн сөзге құлақ астық. 

Енді біраз жылдан бері көшеде бірлі-жарым көлігіне руын жазғандарды көретін болдық. Астарына үңіле қоймаппыз. «Қыз іздеп жүргендей мұнысы несі?»- деп күлдік де қойдық. Сөйтсек, бізде руға, жүзге бөлу ісі мақсатты түрде мысқалдап енгізілген сияқты. Енді бөлек мемлекет құруды көксеушілер шығыпты. Әрине, олар бүгін-ертең бөлініп кете қоймайды. Өз алдына мемлекет те құра алмайды. Қабілетсіз емес. Оның объективті және субъективті себептері көп. Бірақ тұтас ұлттың меселін қайтаратын,сағын сындыратын, бағын байлайтын кеще, апатты идеология тудырады. Ол идеологияның апарар жері — көр ғана.
Әрине, руымызды білейік. Бөтен кісіден де сұрайық. Жезде мен балдыз болып әзілдесейік. Құда түсер кезде де сұрайық. Бөліну-бөлу үшін емес. «Руың кім, бауырым? Құда болайық!»

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКерқұлан тағдыр, Кержаға
Next Article Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің кезекті саммиті басталды.

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.