Арғы бетте, Алты Алаштың баласы,
Бергі бетке көшуге жоқ шамасы.
Балға менен орақ қонған санаға,
Төсбелгіде христостың доғасы.
Талқандалып Баһадүрлер обасы,
Жербетінен көшірілген моласы.
Зираттыққа зинахана салуда,
Көкірегінен жоғалғандар тәубәсі.
Тобырлардың аты қызыл ұсақтау,
Көптігінен басынады аздарға.
Бір топ қазақ қалаға кеп ойнап жүр,
Заты бөрі, аты ұқсаған қаздарға …
Қанды жолдан өткел іздеп елестей,
Өткізбейді тосқауылмен белестер.
Маңырақтың кербездігі өрескел,
Шаңырақта кеш айтылған кеңестер.
Шаһар үшін, қайта-қайта толқулар,
Жанып кетті, айналдыда отынға.
Далалықты қалалықтар алдауда,
Ертіп барып, қу құшынаш қатынға.
Болашағын болжайтындай бес қарта,
Бал аштыру шайтан салған жол бұраң.
Көмейіне өксік келіп тығылып,
Бұрынғыдай сарнамайды домбырам.
Кешкі өкпекке тербетілген, шаң шаһар,
Уақыттың уысында ұтылған.
Ашық алаң монахтардың шіркеуі,
Маңгүрттер жүр жұтылған.
Қызыл судай тебіндеген саясат,
Бірте-бірте рухыңды жаулайды.
Ертең тілден айырылмасақ болғаны,
Ұлтым үшін сол қайғы.
Сырахана түбіндегі туыстар,
2
Екі көзі сора болып жылайды.
Қоқыс сандық қонысына айналған,
Кеште тауып, қалтасыздар құлайды.
Оқу іздеп біреулер жүр асығып,
Ұлтын ойлап өртенердей өзегі.
Түз құсының қапастағы тарихы,
Ақыр заман кезегі.
Түнгі ұйқысы уайымға жұтылған,
Басқан қадам, жұтар ауа сатулы.
Көкесінің сиы бүгін келісті,
Қабағы өте қатулы.
Қабақхана қарындастың базары,
Қызыл шырақ сайтан көзі секілді.
Қарыт әкенің зғырданы қайнайды,
Өскен ұлы есек текті жетілді.
Ет үйренген көтермелеу, қолпаштау,
Жүйке тозар, жаңбырдағы лашықтай.
Қоңыр қалта қорғансыздың бейнесі,
Қанын сатар шарасыздан қасықтай.
(Сардаладағы ой)
Бергі бетте, безбүйректік басымдау,
Жолын тосар жолаушының бейуақта.
Шибөрілер салтанатын құруда,
Айдарынан жел есетін аймақта.
Тұлданады жесір ана түн бойы,
Қара жолда сөнген ұлын күзетіп.
Жетім тамда асқынады өкпесі,
Желтоқсанның ызғарының сызы өтіп.
Арамандары іште өлген шерменде,
Көз алдында мұнарлайды теңгелер.
Айтса ақылы таусылмайтын шірікіндер,
Алқаш аға-жеңгелер, өзінікін жөн көрер.
Күн алдаған жұмыскерлер ынтасыз,
Құрбандыққа шалынуда ай-жылы.
Бұлдыраған болашақ бар белгісіз,
Бақыт оңнан туар екен қай күні.
3
Емханалар бейне түрме секілді,
Қанша бауыр көзін жұмды кекілді.
Қазақияның керегіне жарайма?
Жинар болсаң мәңгүрттенген есірді.
Ұлы кетсе, шетел асып той қылған,
Қызы тиіп қытайларға ой жылдам.
Ұлт теңдігін ойлар сана сарқылған,
Тәлім алған, Дарвиндей маймылдан.
Елім аман, тоқ қарыны дегенмен,
Ине шаншып жатқандар көп көбеңнен.
Кәспи, Балқаш қан тамыры ед бабамның,
Қанды сорып жатыр солай денемнен.
Қоңыр аңы еркесі еді даланың,
Жемі болды аждаһа мен ағаның,
Күннен күнге сиреп барад сандары,
Тарлығандай бар тынысы заманның.
Бір тобыр бар, үнділерге ұқсаған,
Бір тобыр бар, арабтарға еліткен.
Бір Алланы мойындамай біреу жүр,
Өзгелердің тиынымен желіккен.
Сара жолдан сансыраған жан азба,
Атын тізіп бола алмассың қағазға.
Асыл дінге, айып таққыш біреулер,
Талтайып тұр, мешітке кеп намазда.
Ата- салты дәстүр қалып жайына,
Телміреді, Яхудилер байына.
Атаң дінсіз болған деуге сендіріп,
Келгендерін жасап жатыр ойына.
Телмірдеі терезеден бөбектер,
Жесір ана жол шетінде қол жайып.
Бұл көрніске көкіректер ашысын,
Тарихты бұрмалауға бармайық.
4
«Қасқа жолмен, Жеті жарғы» бар бізде,
Шариғаттың үкімінен нәр алған.
Адамзатқа ортақ бақыт иманда,
Бір ата мен бір анадан жаралған.
О, Кержаға! Бабам жаққан от қайда?
Түтініне кеңсірігім ашылсын.
Шаңырақты отқа жаққан топ қайда?
Ғұн сардары барлық құтын қашырсын.
Көгедай Шәмерхан



