20-ғасыр басындағы қоғам және мемлекет қайраткері, «Алашорда» автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың бұрын белгісіз болып келген суреті табылды. Суретті Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорынан тауып, көшірмесін жариялаған — Сұлтанхан Аққұлы. Фото сақталған папкада, сурет астында «Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908» жыл деген жазу болған. Алашорда зерттеушісі «Жазу қате, 1908 жылы күзде Семейде түскен суреті деп болжаймын» дейді. Азаттық бұл көшірмені қорындағы Әлихан Бөкейхановқа арналған фотогалереяға жаңадан қосып отыр.
Әлихан Бөкейхановтың жаңадан табылған суреті. Фото Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорында сақталып келген. Сурет табылған папкада фотоға «Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908» деген анықтама берілген. Суретті тауып, көшірмесін жариялаған — Сұлтанхан Аққұлы.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы



