Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстанның Нанкиндегі алғашқы алтыны
Жаңалықтар

Қазақстанның Нанкиндегі алғашқы алтыны

17/08/20141

Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан қатысқан Бауыржан Жауынтаев қарсыластарынан басым түсіп, дзюдо күресінен чемпион атанды.

Жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақтағы финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.

Жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында дзюдодан 55 келі салмақтағы финалдық сайыста қазақстандық Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді (оң жақта) жеңіп, чемпион атанды. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.

Руслан МЕДЕЛБЕК

Жексенбі күні Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіне алғашқы жүлде – алтын медальді дзюдо күресінен Бауыржан Жауынтаев жеңіп алды.

55 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Бауыржан Жауынтаев финалдық белдесуде әзірбайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді жеңді.

БІР КҮНДЕГІ ҚОС БЕЛДЕСУ

17 тамыз күні Нанкиндегі Longjing гимназиясының спорт кешенінде жайылған татамиге Бауыржан Жауынтаев екі рет шықты. Ол биылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы ретінде ширек финалдан босатылып, жарысқа жартылай финалдан қосылған еді.

Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев марапаттау кезінде. Нанкин, ҚЫтай, 17 тамыз 2014 жыл.Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаев марапаттау кезінде. Нанкин, ҚЫтай, 17 тамыз 2014 жыл.

Жартылай финалда Бауыржан Жауынтаев түркиялық Огузан Караканмен кездесті. Белдесу барысында төрешілер түрік балуанына сылбыр күрескені үшін екі ескерту берді. Бұл екі ескертудің арқасында қазақ балуаны юко (бір ұпай) алды. Жекпе-жек барысында қазақстандық дзюдошы таза жеңіске жету үшін бірнеше тәсіл жасауға тырысқанымен түрік спортшысы қарсыласына әдіс жасауға мүмкіндік бермеді. Жауынтаев сол бір ұпайын сақтап, жеңіске жетті.

Финалда онымен сайысуға татамиге әзірбайжандық Натиг Гурбанли шықты. Кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда Бауыржан Жауынтаев қарсыласының аяғынан шалып, таза жеңіске жетуге талпынған еді. Бірақ әзірбайжандық балуан татамиге арқасының жартысымен түскендіктен төрешілер Жауынтаевқа бір ұпай (юко) берді. Қазақ балуаны бұл жолы да ұпайды кездесу соңына дейін сақтап, белдесуді жеңіспен аяқтап, чемпион атанды.

АЛДА ҮЛКЕН БИІКТЕР БАР

Финалдан кейін жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев Азаттық тілшісіне сұхбат берді.

– Жеңіске жету оңай болған жоқ. Әлемнен іріктелген тек сегіз спортшы қатыстық. Соларды ұтып чемпион болу мен үшін үлкен жетістік. Бапкеріме мың алғыс айтам. Енді алдағы ірі олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін барымды саламын, — деді чемпион.

Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) пен оның бапкері Қален Қалиұлы. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.Бауыржан Жауынтаев (сол жақта) пен оның бапкері Қален Қалиұлы. Нанкин, Қытай, 17 тамыз 2014 жыл.

Спортшының бапкері Қален Қалиұлы бұл жарысқа Бауыржанның үлкен жауапкершілікпен келгенін айтты.

– Себебі ол өз салмағындағы ең мықтылармен кездесті. Және ол биыл әлем чемпионатын ұтқандықтан, бүгін соны дәлелдей алмай қаламын ба деген қобалжу да болды. Бірақ дайындығымыз еш кетпеді, — деді бапкер Азаттыққа.

Бауыржан Жауынтаев бұған дейін дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия және әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшы.

Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары 28 тамызға дейін жалғасады. Бұл жарысқа Қазақстаннан барған 51 спортшы 17 спорт түрінен сайысқа түсіп жатыр.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТұрсынбек Кәкішұлы
Next Article Киевте қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.