Өлгий қаласының әкімі Қабай Өнерханұлы мен Алтай қаласының әкімі Мурат Шәкейұлы екі қала арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуға байланысты меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандум аясында тараптар бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келіп, Өлгий мен Алтай қалалары арасындағы экономикалық, мәдениет туризм, спорт, білім салалары мен шағын өнер кәсіпті дамыту және өзге бағыттарды дамытады.
2013 жылы аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы ҚХР – Шыңжан Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағына жасаған ресми іс сапарында екі аймақ тығыз байланыста болып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас, денсаулық саласы, білім және мәдени гуманитарлық, ауыл шаруашылық, туризм саласын дамыту үшін өзара қарым-қатынас жасау туралы меморандумға қол қойып, Өлгий және Алтай (ҚХР, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы өлкесі) қалалары арасында достық қарым-қатынас орнату туралы шешімге келген болатын.
KAZNEWS


