Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Әдебиет әлемі»Менің атым Қожа (повесть)
Әдебиет әлемі

Менің атым Қожа (повесть)

20/10/20149


Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1]Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалықшаққа саяхат», «Дала жұлдызы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) повестерін жазды. «Менің атым Қожа повестсі» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). «Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев «Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Әпенденің айласы» (1960), «Менің атым Қожа» (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).

«Менің атым Қожа» — 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы. Авторы Бердібек Соқпақбаев.

Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы «Қазақфильм» студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

 Бұл повесьте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.Қожа жазушы болуды армандайды.Біздің Қожамыз мейірімді,жанашыр.

Шығарма кейіпкерлері

  • Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны «Қара Қожа» деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы — орта бойлы, әжесі «әкең тәрізді сұңғақ боласың» дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
  • Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша «кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу.» Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
  • Сұлтан — ол Қожаның жан досы . Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі- үш жас үлкен . Әкесі Сүгір жылқы бағады . Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
  • Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
  • Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды . Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды . Себебі Жантас Қожаны үнемі <<Қара көже>> деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
  • Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
  • Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
  • Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
  • Сәйбек қарт -Мектеп күзетшісі – Сәйбек қарт. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы , әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
  • Оспанов -зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі.Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
  • Жақанов -Қожаның сыныптасы.
  • А.Михайловна — Толық аты:Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша:»мұғалімдердің ішінде-алтын адам».
  • Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап «Сары Қожа» деп атайды.                   Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұстафа Өзтүрік (Деректі фильм)
Next Article Арманжан Байтасов: Елімізде ақпараттық соғыс бола қалған күнде де, біз ол майданда сөзсіз жеңілер едік

Оқи отырыңыз...

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262

28- қыркүйек. Оралхан Бөкейдің өмір есігін ашқан күні.

28/09/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.