Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылғы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Қазақ.
А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін (1979 ж.) бітірген. География және биология пәндерінің мұғалімі.
1981-1991 жылдары СОКП мүшесі.
Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991).
12-ші шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (ҚЛКЖО-дан).
1973-1974 жылдары – Гурьев облысы, Махамбет ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
1979 жылдан бастап – Гурьев облысы Махамбет орта мектебі география және биология пәндерінің мұғалімі.
1979 жылдан бастап – Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмыстары кабинетінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Гурьев облыстық комитеті комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.
1983 жылдан бастап – Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
1985 жылдан бастап – Қазақстан Коммунистік партиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
1986 жылдан бастап – Қазақстан ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
1988 жылдан бастап – Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар, жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бөлімдерінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы.
1989 жылдан бастап – Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы.
1991 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1993 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
1995 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
1997 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрі.
1997 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
1998 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі.
1999 жылдан бастап – Атырау облысының әкімі.
2000 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2003 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы болып тағайындалды.
2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы сәуірге дейін – Алматы қаласының әкімі.
2008 жылғы сәуірден бастап – Астана қаласының әкімі.
2014 жылғы қазаннан бастап – ҚР Қорғаныс министрі.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы болып табылады.
ҚР Нысана көздеу федерациясының құрметті президенті. Академик Ә. Х. Марғұлан атындағы халықаралық қордың басқарма төрағасы, «14 томдық Ә.Х. Марғұлан шығармалары редакциялық алқасының мүшесі, ай сайынғы «Саясат-Политика ақпараттық-талдау бюллетені редакциялық кеңесінің төрағасы, тоқсан сайынғы «Евразийское сообщество ғылыми журналының мүшесі.
Тәуелсіздіктің 10 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы. Қазақ ССР-інің халық депутаты (1990-1991 жылдар).
Моңғолия, Батыс Қазақстан және РФ Астрахань облысына («Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. бірқатар халықаралық мәдениеттану экспедицияларының ұйымдастырушысы. Солардың бірінің нәтижесінде (2000 ж.) Моңғолиядан Қазақстанға тасқа жазылған монументальді Күлтегін ежелгі түрік жазбасының көшірмесі оралды.
Философия ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Мировозренческие аспекты экологический проблематики (1990).
Саясат ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Транзиттік саяси жүйелердегі әлеуметтік саясат (1997).
«Социально-политическое обновления Казахстана: тенденции и приоритеты (1996), «Казахстан: эволюция государства и общества (1996 ж. қосалқы авторлық), «ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі (1996 ж. қосалқы авторлық), «Социальная политика и политическая трансформация (1997 ж.), «Изделия мастеров-зергеров Центральной Азии (1997), «100 лет нефтегазовой промышленности Казахстана (история и современность) (1999 ж. қосалқы авторлық), «От Пекина до Астаны: история переносов столиц (2001 ж., қосалқы авторлық), «Сарайшық (2002 ж., қосалқы авторлық), «Құлпытас (2002 ж.), «Кентавры великой степи (2005 ж.) сияқты кітаптардың авторы болып табылады.
Төмендегі әлеуметтік-экономикалық даму және саясаттану проблемалары жөніндегі бірқатар ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы:
«Реформа образования – стратегический курс обновления казахстанского общества (1995, 1997); «Казахстан – эволюция государства и общества (1996); «Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты (1996); «Здоровье и здравоохранение Казахстана: тенденции и приоритеты (1996); «Здоровье и здравоохранение Казахстана: 1965-1995 (1996); «Введение в медицинскую экономику (1996); «Политическая трансформация и проблема транзитности общества (1997); «Политика социального иждивенчества и кризис государственного, «Сущность и типология социальной политики (1997); «Итоги реформирования социальной сферы в 1996 году и основные приоритеты и задачи Министерства образования и культуры Республики Казахстан в 1997 году (1997); «Взаимосвязь политического и социального аспектов трансформации общества (1997); «Стратегия развития социальной сферы при ограниченных ресурсах (1997); «Казахстанская политологическая энциклопедия (1998); главный редактор и член авторского коллектива сборника «Первые лица государства: политические портреты с точки зрения истории и современности (1998); «Финансовые проблемы развития в Атырауской области (1999).
«Парасат (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (2004), Орыс Православ шіркеуінің «Святой благоверный Даниил Московский, Ресей Федерациясының «Достық ордендерімен, көптеген медальдермен наградталған.
Әдеби құмартушылығы – тарих, этнография, археология.
Үйленген. Зайыбы – Бекқұлова Клара Даумқызы (1957 ж.т.), мұғалім. Қыздары – Әсел (1979 ж.т.), заңгер; Софья (1983 ж.т.). Ұлы – Нұрғали Нұрсұлтан (1994 ж.т.). Немерелері – Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұриддин (2005 ж.т.).
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ
блог-тұғырнамасы



