Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Үкімет оралмандарды тегін баспанамен қамтамасыз ететін болды
Жаңалықтар

Үкімет оралмандарды тегін баспанамен қамтамасыз ететін болды

28/10/20140

Шетелден келетін қандастарымызды ҚР Үкіметі тегін пәтермен қамтамасыз етеді. Ал, азаматтықты алты айдың ішінде алуға болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және миграция комитетінің төрағасы Аслан Қаржаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Өздеріңіз білесіздер, осы уақытқа дейін оралмандардың көшіп келу квотасы тоқтатылған болатын. Осыған сәйкес қаржылай көмек беру де тоқтатылды. Ал, азаматтық алу құқығы 4 жылға қалдырылған еді. Квота тоқтаған 2012 жылдан бергі статистикаға қарасақ, 2012 жылы 39 мың ағайындар көшіп келді. 2013 жылы 35 мың ағайын келді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының мәліметтеріне сүйерсек, 7 мың қандасымыз көшіп келген», — деді А.Қаржаубаев.
Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың статистикасынан хабардар еткен комитет төрағасы олардың азаматтық алуына жағдай жасалып отырғанын да атап өтті.
«Көшіп келу деген оңай нәрсе емес. Сондықтан Үкімет тарапынан оларға көмек керек екені белгілі. Үкімет осыны ескеріп жаңа қабылданған заңға өзгерістер енгізді. Заңға сәйкес, ағайындар Қазақстан аумағының қай өңіріне келсе де өзі таңдайтын болады. Елімізге келісімен «оралман» мәртебесін алады. Тұрақты тұруға рұқсат үшін төлем қабілетін растамайтын болады. Тұрақты тұруға рұқсат алысымен азаматтық алуға өтініш бере алады. Былай қарасаңыз жарты жылдың ішінде Қазақстан азаматы атануға мүмкіндік бар», — деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар, қандастарымыз үшін материалдық жағдай да жасалмақ. Олардың ең басты проблемасы баспана мәселесі шешімін табатын болды.
«Үкімет белгілеген мекендерге келген ағайындарға көшіп келу шығындарын төлейді. Міндетті түрде қызметтік пәтермен де қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтік пәтерді олар 5 жылдан соң меншігіне алуға құқылы. Енді осындай жағдайлар жасалып отырғанда шетелден келетін қандастарымыздың саны артады деп ойлаймын. Шетелден келетін қазақтар үшін Қазақстанның есігі әрдайым ашық. Кейбір азаматтардың жаңсақ ақпарат таратып «шетел қазақтарына Қазақстан тосқауыл қойды» деген сөз дұрыс емес. Осыны әрбір қазақ біле жүргені жөн. Шетелден қазақ осы уақытқа дейін көшіп келді. Алдағы уақытта да көшіп келе береді», — деді А.Қаржаубаев.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

Фото: ОртКом

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТАСМАҒАМБЕТОВ И.Н. ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ
Next Article “Қоянды” ауылын қиратқандарға айтамын

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.