1996 жылы кездейсоқ апат салдарынан әкем қайтыс болғанда «Аттап өткен өмірдің бала жасын» деп зарланған зарлы толғауымның
Қанша түзу қармасын жесір ескек,
Қайық өрге жүзбейді кекіректеп.
Енді не дер, оттайтын оспадарым,
«Мұнда сенің атаңның басы жоқ!»,- деп.
Бабам жатқан жер еді білгенге бұл,
Су қараңғы бұл жайдан мүлдемге тұл.
Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып,
Көкитіндер болып жүр мүрдеңе құл.
…. деген жолдары Астананың іргесіне қоныстанған Қояндыдағы елдің отын ойрандап, ошағын бұзып, шаңырағын шағып ойына келгенін істеп жатқан иттерді көрігенде есіме түсіп, ашу-ызам қайнап төмендегі өлеңді жаздым,– Б.Бақытбек-Бурылалтай
Тағдырына улы зорлық жасалып,
Шаш ал десе асқынған тұс бас алып.
Ұсталыпты әкесімен бір таңда,
Менің атам «халық жауы» аталып.
Ал оларға ел билеген патшағар,
Ату жаза бұйырыпты, нақ хабар.
Басы қайда, қайда қалды сүйегі,
Білмейді ешкім, ізбасарлар, патшалар…
Қу дүние-ай, нақақ көзден жас тамған.
Бұ жалғаннан талай Ана ақ таңнан:
«Кебін емес, киіп кеткен кебенек,
Келер»,– деген үмітпенен аттанған…
Жау жалмаған асылы мен жасылын,
Жаралының жүрегінің жасымын.
Іздеуменен әкем де өтті өмірден,
Қайда екенін әкесінің басының.
Қолындағы барыменен қарық қып,
Жүретұғын айналасын жарық қып.
«Әкем басы қайда болсын, таба алсам,
Сонда барып жатам»,– дейтін жарықтық.
Сол әкемнің басы мына төбеде!
«Көш» дегенге ол пендесі көне ме?!
Көріп алшы: үй құлатып, жер қорып,
Өңнен теуіп, ұрған итім төбеге!
24.10.2014 ж
MINBER.KZ



