Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Парижде журналға шабуылдан 12 адам өлді
Жаңалықтар

Парижде журналға шабуылдан 12 адам өлді

07/01/20150

Франция билігінің хабарлауынша, сатиралық Charlie Hebdo журналының Париждегі кеңсесіне 7 қаңтар күні жасалған қарулы шабуыл салдарынан 12 кісі өліп, он адам жараланған.

Редакция маңында тұрған қарулы қара киінген екі адам. Париж. 7 қаңтар 2015 жыл.
Редакция маңында тұрған қарулы қара киінген екі адам. Париж. 7 қаңтар 2015 жыл.

Франциялық AFP ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, мерт болғандардың екеуі полицей, біреуі журналист. Ал жарақат алғандардың алтауының халі нашар. 40 адам шабуыл аймағынан құтқарылған.

Қаза тапқандардың қатарында журналдың шеф редакторы Стефан Шарбонье және карикатуристтер Жан Кабу, Жорж Волынски және Бернар Верлак бар.

Куәгерлердің бірі жергілікті БАҚ-қа екі қара киінген адамның журнал редакциясы орналасқан ғимаратқа Калашников автоматтарын ұстап кіргенін, бірнеше минуттан соң атыс естілгенін айтты. Сосын қарулы адамдар ғимараттан шығып кеткен. Кейін Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев «шабуылды үш адам жасады» деп мәлімдеді.

Тағы бір куәгер French Europe 1 радиосына берген сұхбатында шабуылдаушылардың бірі кетіп бара жатып, «пайғамбар кек қайтарды» деп айғайлағанын айтқан.

Редакцияда болған журнал суретшілерінің бірі бетін бүркеген шабуылшылар француз тілінде өте таза сөйлегенін айтты.

Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл болған редакция маңына келді. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл болған редакция маңына келді. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл.

Шабуыл болған аймаққа Франция президенті Франсуа Олланд келіп, «бұл қатігездікпен ұйымдастырылған терракт. Біз Елисейде кездесіп, осындай жағдайлар қайталанбауын қарастырамыз. Алдағы уақытта сақтық шараларын күшейтеміз» деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон «бұл жиіркенішті жағдай» деді. Франция прокуратурасы шабуыл жасағандар бостандықта жүргенін мәлімдеді.

Германия канцлері Ангела Меркель «бұл әлем баспасөзі мен сөз бостандығына жасалған шабуыл» деді.

Ресей президенті Владимир Путин Франция халқына көңіл айтып, Ресей терроризмнің барлық түрімен күресуге дайын екенін жеткізді.

Франция прокуратурасы шабуыл жасағандар әлі ұсталмағанын айтты. Сондықтан Париждегі Эйфель мұнарасы, Лувр мұражайында, метро станцияларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Еуропалық бірнеше телеарналар, радио, газеттер өз редакцияларында шабуылдан мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Апталық сатиралық журнал соңғы жылдары қарама-қайшылыққа толы ақпарат таратып танылған еді. Оның соңғы твитінде «Ислам мемлекеті» діни ультра-радикалдық тобының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді әжуалайтын карикатура жарияланған.

Дәл осы журналдың редакциясын 2011 жылғы қараша айында Мұхаммед пайғамбар туралы карикатура жариялағаны үшін әлдекімдер өртемек те болған.

 azattyq.org
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ тарихына қатысты Қытай деректері
Next Article Аты Ұлпар, заты тұлпар оғлан ұл

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.