Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Ұйғыр ауданынан: ІС ӘДІЛЕТТІ ШЕШІЛДІ
Қоғам

Ұйғыр ауданынан: ІС ӘДІЛЕТТІ ШЕШІЛДІ

09/01/20150

«Біз – қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ хан болса – хан ордасын таптай білген елміз», — деп Қаз дауысты Қазыбек би «Қазақ» деген ұлы халықты қалмақтың ханына тауып айтып таныстырып, кесіп айтып келістірген.

Би айтқан қазақтың биік рухы, өр намысы өшпеген екен, мен осыған қуандым! «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» кез-келген нәрсені еңсеріп, қандай қиындық болса да, жұдырықтай жұмылып көтере алады екенбіз, мен осыған қуандым! Біз Мәңгілік Ел боламыз, сендім ағайын! Біздің бірлігіміз біздің негізгі күшіміз екеніне талайдың көзі жетті. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында «жылы жабылған» дүние қайта қаралып, арнайы келген облыс әкімдігінің өкілдері мәселенің әділетті шешілуіне себеп болды. 2014 жылдың 31 желтоқсан күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының орталық алаңында өткен жаңа жылдық іс-шарада Адылжанов Рауль екеуміздің арамызда болған келеңсіз жағдайдың нәтижесі оң шешімін тауып, кінәлі азаматтарға шара қолданылды. Аудандық әкімшіліктің жиналысымен жарыса өткізілген аудандық сот отырысының шешімі облыс өкілдері келгенше «дайын» тұрды. Атап айтар болсақ, 31 желтоқсаннан бастап дәл бүгінгі күнге дейін ауруханада емделіп жатқан аудандық мәдениет үйінің директоры Рита Юлдашева жұмысқа шыққан күні қызметінен босатылады деп уәде етілді. Өз ісіне салғырттық танытқаны үшін аудандық мәдениет үйінің әдіскері Алик Изимов өз еркімен жұмыстан босатылды. Ал болған жағдайға тікелей қатысы бар Рауль Адылжанов Ұйғыр аудандық сот алдында өз кінәсін мойындап, көзіне жас алып, менен кешірім сұрады. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 330-бабының 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды. ӘҚБтК-тың негізінде Р. Адылжанов жұмыстан босатылды.

8 қаңтар күні, яғни аудандық соттың шешімі шыққан күні Адылжанов Рауль кешке әкесі мен шешесін ертіп, үйге келіпті. «Адамгершілік танытып, соттатып жібермегеніңіз үшін алғысым шексіз», — деп дүйім жұрттың алдында екі рет әнін айта алмай қалған қызым Гүлданадан кешірім сұрады. «Аюға намаз үйреткен таяқ» демекші шешесіндей адамға былапыт сөз айтып, дауыс көтерудің қандай болатынын мәңгілік жадына түйді. Қазақтың қызына тіл тигізудің соңы неге ұласатынын түсініп, Рауль тәубәсін таныды.

Қазақтық кең пейілділікке салып, кінәлілерге кешірім бердім, ағайын! Болған жағдай баршамызға үлкен сабақ болды. Алдымен менің жан айқайымды түсініп, қолдау көрсеткен Абай.кз-ке және Қазақстанның әр түкпірінен жаныма ұшып келуге дайын болған бауырларыма, сәт сайын телефоныма хабарласып, жағдайымды білген қазақтың зиялы қауымына, денсаулығым сыр берген кезде жетіп келген жедел жәрдемшілер мен қасымда жүріп қолдау көрсеткен ауыл  азаматтарына үлкен алғысымды білдіремін. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» күйініп, сүйсінеді екенбіз. Еңсеміз бір көтеріліп қалды!

Әлия ЖАНБАЕВА,

«Жазерке» ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі.

Ұйғыр ауданы

Алматы облысы.

abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖолымбет МӘКІШЕВ: «ШЫҢҒЫС ХАНҒА ДЕЙІН МОҢҒОЛ ДЕГЕН ҰЛТ БОЛМАҒАН»
Next Article Назарбаев Берлинге неге барады?

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.