Соңғы кезде байқап жүрсем, қазақ көрінгеннен қорқып қалған ба дерсің немесе қорқытып тастаған. Соңғысы дұрыс болар…
Айтқым келгені бұрын тек орыстан қаймығатынымыз белгілі. Енді ше, 300 жыл бойы мойынға мініп келген соң, қалай бөгежектемейсің. Бірақ ел болып етек жиған соң, түзеліп келе жатыр едік. Аяқ асты арабтардан сескене бастадық. Қазақ түк білмейді екен. Қазақтың ісі түгел теріс екен. Дін тек арабта екен-мыс. Әрі беріден соң, арабтардан пәтуа келмесе, қимылдау қиын болды.
Бірақ қорқа қорқа батыр болдық па, арабтарға қарсы иммунитет пайда болғанда, арабтан жұққан жебірей деген фобия кезікті. Құдай салмасын, әлемді қырып жатқан да сол, білгенін қылып жатқан да сол.
Шынында, солай ма? Жоқ!!! Түк те олай емес. «Бас-басына би (король) болған өңкей қиқым (араб елдері)» өздерінің фобиясын бізге әкеліп таңған секілді. Қыруар халқы болса да, он млнға жетпейтін жебірейге шамасы жетпей, құлдығын әкеп, біздің санамызға тықпалап жатыр. Дінмен қоса. Ал біздегі дүмшелер айтаққа еріп, айқайлап әлек. Черчилль «Ұлыбританияда неге антисемитизм жоқ?» деген сауалға: «Біз жебірейлерді ағылшындардан ақылды деп есептемейміз» депті-мыс. Дәл осы сөзді біз де айтуымыз керек. Жебірей де пенде. Расында да біреуден қауіптену үшін қорқу керек қой. Ал біз жебірейден не үшін қорқамыз?! Қазаққа орыс пен қытайдан артық не жамандық жасады?
Жауап таппадым!
Пы.сы. Бала кезімізде қазақтан мықты, қазақтан биік ұлт бар деп білмейтінбіз. Өйткені ауылым түгілі ауданымызда өзге ұлт өкілі бірлік жарым ғана. ал қазақ тілінен өзге тілде сөйлейтіндерді емге таппайсың. Содан соң бөтен ой қайдан келсін?!
Кейін қалаға келдік, универге түстік. Сондағы орыс бөлімдерде оқитын қазақ балаларының шет қақпайланып жүргенін көргенде тіпті масайрай түстік…
Өмір қызық-ә?!
Көкбөрі Қазақұлы facebook парақшасынан алынды


