Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірді. Тергеушілер бұл қылмысқа байланысты жасап отырған бірнеше болжамның арасында «елдегі саяси жағдайдың шырқын бұзуды көздейтін арандату» деген долбар да бар.
наурыздың 1-і күні Мәскеуде Борис Немцовты еске алуға арналған қаралы шеру өтеді.наурыздың 3-і күні Мәскеудегі Сахаров орталығында өтеді.
Борис Немцов 1959 жылы қазанның 9-ы күні Сочи қаласында туған. Ол Ярославль облыстық думасының депутаты, «Солидарность» қозғалысы жетекшісі, «РПР-ПАРНАС» партиясының тең төрағасы, Ресей оппозициясы үйлестіруші кеңесінің мүшесі болып келген. Ал ертеректе Нижегород облысының бірінші губернаторы (1991-1997жж.) ретінде танылған тұлға. 1998 жылы ол құрған «Россия молодая» либералдық қозғалысы кейін «Правое дело» коалициясы мен «Союз правых сил» партиясының негізін қалаушылардың бірі болған. Кезінде Борис Немцов Ресей президенті Борис Ельциннің мұрагері деп есептелген.



