Hаурыздың 1-і күні Астанада өткен футболдан Қазақстан суперкубогы үшін өткен матчта ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогынің иегері «Қайрат» командалары кездесті. Ойынның негізгі уақыты мен қосымша уақытта да есеп ашылмады. Матчтан кейінгі пенальти бойынша «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетті.


