Ulugbek Yesdauletтің facebook парақшасынан алынды
Жақында Қарағанды қаласында ММА жарысы өткен кезде оны ұйымдастырушылар спорт залға біздің көк туымызды қара креспен айқыштап ілгенін Sports.kz сайтынан көріп, шамырқанып отырмын. Бұл шектен шыққан заң бұзушылыққа ресми орындар әлі назар аудармаған көрінеді. Аталған сайттың жазуынша турнирді ұйымдастырғандар Ресейліктер екен. Қазақстанға жасаған өздерінше «Крест жорығы»-мыс. «Ресей» десе біздің дүмбілездердің дымы құрып қалатын болған жоқ па? Мұндай салғырттықтың бір жауабы осында жатқан сияқты.
Өткен жолы Геннадий Головкиннің жеңісіне қуанған азамат өз үйіне ұлттық туымызды ілгені үшін «ит көрген ешкі көзденіп» шыға келгендер, сотқа тартып, айып тартқызып, жазалаған «қырағы көздер» мына масқараны неге көрмейді?




