Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Әдебиет әлемі»Наурызды сезіну…
Әдебиет әлемі

Наурызды сезіну…

24/03/20150

Сезінем деп,
Сезілсін деп Наурыз,
Естігенін жасап жатыр кәрі қыз!
Көргеніміз көп емес пе,
Көпіртіп,
Жол көрсеттік бәріміз!

 

Жеті дәмді санап жатыр базарлап,
Жетпей қалса болмайтындай соған нақ.
Телеарналар жасап қойған өлшемін
Естігенін, білгендерін бағамдап.

 

Көрсетем деп ата-баба дәстүрін,
Оқалы тон, қошқар мүйіз тақтырдың.
Екі күнде қайта салды сандыққа,
Есік жаққа іліп қойған басқұрын!

 

Көрсетем деп мерекенің бейнесін,
Телеарналар көрсетуде термесін.
Ұлттық ою – европаланып кетіпті
Әшекейлеп жүргізуші кеудесін!

 

Көңіл толар мерекенің түрі ме?
Кіре алмадық көршінің де үйіне!
Сырты қазақ, іші басқа – туыс көп,
Айтшы мұның сыры не?

 

Әз Наурыз келген кезде ашылып,
Бата-тілек, бал-бауырсақ шашылып,
Арқа-жарқа тойлаушы едік, әттең –ай,
Дос-дұшпанды берекеге шақырып.

 

Келетіндер мерекелеп келмеді,
Қу тірілік байлап алған пендені.
Бара алмадық біз де ешкімнің үйіне
Үзе алмадық кермені!

 

Балалар да тым әдемі киініп,
Қырық үйге кіре алмады жүгіріп.
Ақсақалдар елге ақыл айтпады,
Ал әжелер көрінбеді тығылып.

 

Сезінем деп,
Сезілсін деп Наурыз,
Әлімізше көже іштік бәріміз.
Бірде бүтін,
Бірде жыртық дүние –ай,
Бірде түк жоқ, бірде толы сары уыз?!

 

Ұнамаса шарт сынатын тағымыз,
Айғыр болып, топ бастады –ау жабымыз!
Сезіндірген мизам шуақ мерейін
Сен аман бол көже істеген сары қыз…

 

П/С үшін Наурыз тілегі

 

Сезінем деп,
Сезілсін деп қиналдым,
Қонақ келсе Наурыз көже құйғанмын.
Пенде тұр ғой, үкіметтің өзінде
Бірі де жоқ мерекелік сыилардың!

 

Мерекені күтты –ау жұртым қаймана,
Демалыстай сезіледі жәй ғана.
Жетім қыздың тойы сынды өтуде
Жым-жырт қала, жым-жым ауыл, айнала!

 

Сезінем деп,
Сезіне алмай бабамды,
Қандай уыт жайлап алған адамды?
Тәңірге айтар «Наурызнама тілегім»
«Қорлаттырма, сорлаттырма санамды»!

 

Сезінем деп,
Сезіне алмай әжемді,
Іше алмадым әжемменен көжемді.
Алаңдағы жетім тойдан қайтып кеп,
Арыз жадым өлеңменен көлемді!

 

23.03.2015

Бейсен Ахметұлы

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТУЫМЫЗДЫ ҚОРЛАУ
Next Article Жәнібек – Ер Жәнібек – Би Жәнібек(поэма)

Оқи отырыңыз...

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262

28- қыркүйек. Оралхан Бөкейдің өмір есігін ашқан күні.

28/09/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.