Baq.kz – Қытайлық тарихшылар оқулықтарындағы қазіргі Қазақстан территориясының бір бөлігін ҚХР-ға жатқызған бұрыс мәліметтерді түзетуге уәде етті, деді ҚР білім және ғылым министрлігінің Р. Сүлейменов ат. шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова.

«Ол оқулықтар (ҚР территориясының бір бөлігі Қытайға жатқызылған – ҚазТАГ) Қазақстан тәуелсіздігін алмай тұрып басып шығарылған. Қазір олар оқулықтарын қайта қарауда. Біз кездескен кезде оларға осы салада ынтымақтасуға дайын екендігімізді, және оқулықтар шынайы нақты өмір ақиқатын көрсетуі тиіс екенін әр кез айтамыз: географиялық шекаралары, біздің мемлекет координаттары, біздің тарихымыз туралы дұрыс көзқараста болғанын қадағалаймыз», — деді М. Әбусейітова сәрсенбі күні агенттік сауалына жауап беріп.
«Мен қытайлық әріптестермен семинарларда жиі пікірталасқа барамын, олар оқулықтарында Қазақстан территориясының дұрыс көрсетілуі тиіс екенімен келіседі», — деді ол.
Сонымен қатар М. Әбусейітова ол өзгерістер қытайлық оқулықтарға қашан енгізілетінін айта алмады.


