Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Әлем экономикасы ислам тұрғысынан талқылануда
Жаңалықтар

Әлем экономикасы ислам тұрғысынан талқылануда

11/09/20130
Әлем экономикасы ислам тұрғысынан талқылануда

Ыстамбұл шаһарында ислам экономикасы мен қаржысына қатысты 9-шы халықаралық конференция басталды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, конференция «Ислам тұрғысынан экономиканың өсімі, теңдігі және тұрақтылығы» және «Тұрақты қаржы әрі халықаралық ислам экономикасының дамуы» деген қос тақырып аясында өтеді.

Сондай-ақ, ислам дініндегі бизнес әдебі мен құндылығы, қасиетті Құрандағы сауда-саттық ұғымы, мұсылман елдеріндегі Араб көктемі талқыға түседі. Мұсылман елдерінің экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық зерттеулер орталығының бас директоры (SESRIC)  Сауаша Аллаяның айтуынша, күллі әлемді шарпып, шайқалтқан қаржы дағдарысы аяқталғанымен халықаралық қаржы құрылымы қайта қарауды және баламалы қаржы жүйесін құруды қажет етеді. Әлем байлығының 40 пайызы ат төбеліндей топтың (0,6 пайыз) қолында екенін айтуды да ұмытпады. Бұл – еуропалық қаржы жүйесінің кемшілігін айғақтайды. Тығырықтан ислами қаржы жүйесі алып шығады. Алайда, ол толық қалыптасып, даму даңғылына әлі түсе қойған жоқ.

Осы жиында сөз алған Исламды үйрету әрі зерттеу институтының (IRTI) бас директоры Азми Омар қазіргі уақытта көптеген елдердің өз экономикасына ислам банкингін енгізіп жатқанын тілге тиек етті. «Ислам экономикасының әлдеқайда тұрақты екенін адамдар біле бастады. Оның үстіне, клиент үшін қосымша бонус болып табылатын пайыздық өсім жоқ. Біздің міндетіміз – әлем жұртшылығына ислам банкингі жайында хабардар ету»,– деді ол өз сөзінде.

Түрік жерінде өтіп жатқан аса маңызды аталмыш шараны Мұсылман елдерінің экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық зерттеулер орталығы (SESRIC),  Исламды үйрету әрі зерттеу институты (IRTI), Катарлық ислами зерттеу факультеті (QFIS), Мұсылман экономикасы жөніндегі халықаралық қауымдастық (IAIE), сондай-ақ, Ислам даму банкі (IDB) ұйымдастырды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКөкпардан Азия чемпионаты басталды (ФОТО)
Next Article Оралтай Хасен Қалибекұлы

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.