Оралтай Хасен Қалибекұлы-Белгілі қоғам қайраткері, журналист, публицист, қазақ диаспорасының шетелдегі көрнекті өкілі. 1933 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Әкесі 1940-1949 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері болған. Х.Оралтай еңбек жолын Түркияда түрік және ағылшын тілдерін үйреніп, журналист болудан бастайды. Қазақ халқының ұлттық болмысын, мәдениеті мен тарихын түрік оқырмандарына таныстырады. Измирде «Үлкен түрік елі» журналын, «Коммунизммен соғыс» газетін шығарады. 1968 жылы Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосына кызметке қабылданады. Мүнда әдебиет бөлімінің директоры болды. «Азаттық» радиосын ұтымды пайдалана отырып, қазақ халқының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін еңбек етті. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, соның ішінде алаштық идея, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін насихаттады. «Азаттық» радиосынан Алашорда жетекшілерінің шығармаларын таныстырумен қатар олардың өмірбаян деректері мен шығармаларын жинақтады. Ол «Алаш — Түркістан түріктерінің ұлттық ұраны» (1973) деген атпен шыкты. Бұл кітап Алашка арналған оң көзқарастағы түңғыш еңбек болды. Хасен Оралтай Қазакстанның «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Хасен Оралтай 2010 жылы Сәуірдің 14 жұлдызында қайтыс болды.


